Ақаулықты түзету жəне ақпарат кодтары – Инструкция по эксплуатации Samsung WD1142XVR
Страница 124
Казақ - 36
АҚАУЛЫҚ
ШЕШІМІ
Температурасы дұрыс емес
су құйылып жатыр.
• Екі шүмекті де толық бұрап ашыңыз.
• Температураның дұрыс таңдалғанына көз жеткізіңіз.
• Түтіктердің дұрыс шүмектерге қосылғанына көз жеткізіңіз.
Су құбырларын шайыңыз.
• Су қыздырғышты тексеріңіз. Ол кем дегенде шүмектен 120 °F (49 °C)
ыстық су құятын етіп бапталуға тиіс. Жəне су қыздырғыштың қуаты мен
қалпына келтіру жылдамдығын тексеріңіз.
• Түтіктерді ағытып, экрандарды тазалаңыз. Түтік сүзгісінің экраны
ластанып қалуы мүмкін.
• Машинаға су құйыла бастаған кезде, температураны автоматты түрде
тексеру функциясы құйылып жатқан судың температурасын тексеріп
жатқанда, судың температурасы өзгеруі мүмкін. Бұл қалыпты жағдай.
• Су құйылып жатқанда, егер суық немесе жылы температура таңдалып
тұрса, үлестіргіштерден тек ыстық жəне/немесе тек суық судың ағып
жатқанын байқауыңыз мүмкін. Бұл температураны автоматты түрде
басқаратын режимнің қалыпты функциясы, себебі машина судың
температурасын анықтайды.
Есік бұғаттаулы немесе есік
ашылмайды.
• Машинаны тоқтату үшін Бастау/Үзіліс түймешігін басыңыз.
• Зарарсыздандыру циклының қыздыру бөлігінде машинаның есігі
бұғаттаулы тұрады.
• Есік бекітпесінің механизмі ашылғанша шамалы уақыт қажет болуы
мүмкін.
Суды төкпейді жəне/немесе
айналдырмайды.
• Сақтандырғышты тексеріңіз немесе айырып-қосқышты қайта қалпына
қойыңыз.
• Су төгетін түтіктерді түзетіңіз. Бұралып қалса түзетіңіз. Төгуге кедергі
келсе, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Есікті жауып, Бастау/Үзіліс түймешігін басыңыз. Сізге қауіпсіз болу
үшін машина есік жабылғанша кептіру немесе айналдыру циклын
бастамайды.
• Қоқыс сүзгісінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
Цикл соңында кір өте
дымқыл болып тұр.
• Жоғары немесе өте жылдам айналдыру жылдамдығын пайдаланыңыз.
• Қатты көпіршімес үшін өте тиімді жуғыш затты пайдаланыңыз.
• Өте аз кір салынған. Өте аз кір салған кезде (бір немесе екі зат)
теңгерімсіздік байқалып, толық айналмайды.
Су ағады.
• Есіктің əбден жабылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Барлық түтіктердің берік жалғанғанына көз жеткізіңіз.
• Су төгетін түтік ұшының ақаба су жүйесіне дұрыс кіргізіліп, бекітілгеніне
көз жеткізіңіз.
• Өте көп кір салмаңыз.
• Қатты көпіршуге жол бермеу үшін өте тиімді жуғыш затты
пайдаланыңыз.
Қатты көбіктенген. •
Қатты көпіршуге жол бермеу үшін өте тиімді жуғыш затты
пайдаланыңыз.
• Тұщы суда, аз кір салынғанда немесе шамалы кірлеген кірді жуу үшін
қолданылатын жуғыштың мөлшерін азайтыңыз.
• Non-HE жуғыш затын пайдалану ҰСЫНЫЛМАЙДЫ.
Егер ақаулық жалғаса берсе, жергілікті Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
ақаулықты түзету жəне
ақпарат кодтары
YUKON-03073S-05_KZ.indd Sec11:36
YUKON-03073S-05_KZ.indd Sec11:36
2013-12-12
2:42:37
2013-12-12
2:42:37