Қауіпсіздік туралы ақпарат – Инструкция по эксплуатации Samsung WD1142XVR

Страница 96

Advertising
background image

Казақ - 8

қауіпсіздік туралы ақпарат

Сатып алған құрылғыңыз тұрмыста қолдануға ғана арналған.

Егер коммерциялық мақсатта қолданылса, өнім көрсетілген мақсатта қолданылмаған болып

есептеледі. Бұндай жағдайда, өнім Samsung тарапынан берілетін стандартты кепілдік бойынша

қарастырылмайды жəне дұрыс қолданбау салдарынан орын алған ақау немесе нұқсанға Samsung

компаниясы жауапкершілік көтермейді.

Егер жуу циклы əлі басталмаса жəне жуғыш затты немесе дақ кетіргішті салғаннан кейін немесе

киімді алдын ала өңдегеннен кейін ұзақ уақыт қалдырсаңыз, киімнің бояуы кетеді.

Киімнің түрлеріне қарай ұсынылған цикл мен температураны таңдап, киімдерді бояуының

қаншалықты тез шығатынына қарай түстерге бөліп, тиісті циклды бастаңыз.

Киімдерді кір жуғыш машинаға салатын кезде түйреуіш, түйме жəне тиын тəрізді бөгде заттардың

барлығын алыңыз. Кір заттарды салыстырмалы түрде таза киімдерден жеке жуыңыз жəне нəзік

маталарды, қатты маталардан бөлек жуыңыз.

Егер киімге дақ түссе, барынша тез жуыңыз. Дақ кетіргіш немесе жуғыш заттарды киімдердің

бояуының қаншалықты тез шығатынын, киімдердің тігісіне шамалы ғана жағып тексергеннен кейін
пайдаланыңыз.

Құрылғының үстіне шықпаңыз немесе оның үстіне зат (мысалы, кір, жанып тұрған шамшырақ,
тұтатылған темекі, ыдыс-аяқ, химиялық заттар, металл заттар т.с.с.) қоймаңыз.
- Бұның нəтижесінде электр, өрт қатері орын алып, құрылғыға нұқсан келуі не адам

жарақаттануы мүмкін.

Құрт-құмырысқаларды құртуға арналған бүріккіш тəрізді тұтанғыш заттарды құрылғыға шашпаңыз.
- Бұндай заттар адам үшін ғана қауіпті емес, электр қатерін тудыруы, өрт шығаруы, құрылғыға

нұқсан келтіруі мүмкін.

Кір жуғыш машинаға электрмагнитті өріс шығаратын заттарды жақын қоймаңыз.
- Дұрыс жұмыс істемей, адам жарақат алуы мүмкін.

Жоғары температуралы жуу не кептіру кезінде төгілген су ыстық болатындықтан, суға қол

тигізбеңіз.
- Күйіп қалуыңыз немесе жарақат алуыңыз мүмкін.

Су өткізбейтін көрпеше, төсем немесе киімдерді (*), құрылғыңызда бұндай заттарды жууға

арналған арнайы бағдарлама болмаса жумаңыз.
- Қалың, қатты матрацтарды, затбелгісінде ‘’машинамен жууға болады’’ деп көрсетілсе де

жумаңыз.

- Қалыптан тыс дірілдеудің əсерінен кір жуғыш машинаға, қабырғаға не еденге немесе киімге

нұқсан келуі мүмкін.

* Жүн матадан жасалған төсек жабдықтары, жаңбыр жамылғысы, балықшы күртешесі, шаңғы

тебуге арналған шалбар, жол төсек, жаялық, терлеуге, велосипед, мотоцикл, машинаны т.с.с.

жабуға арналған жамылғылар.

Кір жуғыш машинаны жуғыш зат салынатын қорапшасы алынып тұрса іске қоспаңыз.
- Аққан судың əсерінен электр қатері орын алуы не адам жарақаттануы мүмкін.

Кептіріп жатқанда немесе кептіріп бола сала барабанның ішіне қолыңызды тигізбеңіз.
- Күйіп қалуыңыз мүмкін.

Жуғыш зат қорапшасын ашқаннан кейін, оған қолыңызды салмаңыз.
- Жуғыш затты қосатын құралға қолыңыз қыстырылып қалып, жарақат алуыңыз мүмкін. Кір

жуғыш машинаға жуылатын кірден басқа затты (мысалы, аяқ киім, тағамның қалдығы,

жануарлар) салмаңыз.

- Себебі кір жуғыш машинаға зақым келуі, егер жануарларды салсаңыз, олар қалыптан тыс

айналдыру себебінен жарақат алуы не өліп қалуы мүмкін.

Түймешіктерді түйреуіш, пышақ, тырнақ т.с.с. өткір затпен баспаңыз.
- Электр қатері орын алуы не адам жарақаттануы мүмкін.

YUKON-03073S-05_KZ.indd 8

YUKON-03073S-05_KZ.indd 8

2013-12-12

2:42:29

2013-12-12

2:42:29

Advertising