Аза жөндеу және қалпына келтіру – Инструкция по эксплуатации Binatone BM-2169

Страница 35

Advertising
background image

35

А

ЗА

ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ

Егер Сіздің құралыңыз жұмыс істемесе немесе тиісті түрде жұмыс істемесе, кеңес

алу немесе жөндеу үшін уәкілетті сервис орталығымен хабарласыңыз.

Кепілдемелік қызмет көрсетудің шарттары.

1. Кепілдеме бұйымды сату күнінен бастап екі жыл ішінде күшінде болады.
2. Кепілдеме кепілдемелік талон дұрыс толтырылған жағдайда жарамды: сату күні,

сатушының қолы, аппараттың сериялық нөмірі болады.

Қызмет ету мерзімі ішінде тауарды сату кезінде онымен бірге ұсынылатын құжаттарды (тауар немесе

касса чектері, пайдалану жөніндегі нұсқаулық) сақтап қойыңыз.

3. Егер сериялық нөмірі өзгертілген, өшірілген, алынған немесе оқылмайтын болса, сонымен қатар

зауыттық пломбасы алынған немесе зақымдалған болса, кепілдеме жарамсыз.

4. Кепілдеме келесі жағдайларға таралмайды:
– бұйымның қаптамасына, шығыс материалдарына және керек-жарақтарға (саптамаларға, қақпақтарға,

тостағандарға, пышақтарға, сүзгілерге, торларға, аккумуляторлы қуаттандыру көздеріне, қуаттандыру
батареяларына және т.б.);

– бұйымның механикалық зақымдануларына және табиғи тозуына;
– артық жүктеу, дұрыс емес және ұқыпсыз пайдалану, бұйымның ішіне сұйықтықтың, шаңның,

жәндіктердің және басқа да бөгде заттардың түсуі, пластмасса және өзге де термотөзімді емес
бөліктеріне жоғары температураның әсерінен, жеңе алмайтын күш (оқыс жағдай, өрт, топан су, электр
желісінде бұзылу, найзағайдың түсуі және т.б.) әсерінен туындаған бұзылуларға;

– келесі жағдайлармен туындаған зақымданулар:
жоғарыда айтылған қауіпсіздік шараларын және пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды орындамау

кезінде;

коммерциялық мақсатта қолдану (жеке тұрмыстық қажеттілік шеңберінен шығатын жағдайларда

қолдану) кезінде;

құралда көрсетілген кернеуден өзгеше желі кернеуіне қосу кезінде;
уәкілетті тұлға немесе сервис орталығы орындамаған рұқсатсыз жөндеу немесе құралдың бөліктерін

ауыстыру кезінде;

электр баусымының зақымдануы.
5. Кепілдеме әрекетіне пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес бұйымды баптау, орнату, уақтылы қызмет

көрсету бойынша жұмыстар кірмейді.

Advertising