Пайдалы кеңестер, Нан пісіруге арналған өнімдер – Инструкция по эксплуатации Binatone BM-2169

Страница 31

Advertising
background image

31

А

ЗА

3. Қырғыш емес жуу заттарын қолданып, нанға арналған науаны (5) ішінен жуыңыз. Науаны

кептіріңіз.

4. Қамыр илеуге арналған қалақты (6) қырғыш емес жуу заттарымен ағып жатқан суда жуып, жұмсақ

шүберекпен құрғақ етіп сүртіңіз.

Ескерту: егер қалақ (6) біліктен алынбаса, науаға (5) толтырып су ( температурасы 50° Сге дейін) құйып, 30

минут уақытқа қалдырыңыз. Осыдан кейін қалақты шығарып алып жуыңыз және жұмсақ шүберекпен
құрғақ етіп сүртіңіз.

5. Құралды сақтауға қою алдында, оның түгел суығанына, жуылғанына, кепкеніне және қақпағы жабық

екеніне көз жеткізіңіз.

ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Төменде көрсетілген өнімдердің сипаттамасы, Сізге дәмді және хош иісті нан пісіруге

көмек береді.

Нан пісіруге арналған өнімдер:

1.

Нан үшін арнайы ұн.

Нан үшін арнайы ұнның құрамында ұлпаның мөлшері жоғары болу керек, өйткені

ұлпаның иілімділігі жоғары болғандықтан, қамыр көтерілгеннен кейін, ол қамырдың

өлшемі мен пішінің бір қалыпты ұстауға көмектеседі. Құрамында ұлпаның мөлшері жоғары ұн, жай ұнға
қарағанда, өлшемі үлкен және ішкі құрылымы жақсартылған нанды жасауды мүмкін етеді.
2. Жай ұн.

Жай ұн бидайдың сұрыпталған аралас жұмсақ және қатты сорттарынан жасалады. Бөлке мен

бәліштерді тез дайындауда қолданылады.
3. Бүтін дәнді ұн.

Бүтін дәнді ұн тартылған бидайдан жасалады және құрамында бидай қабығы мен ұлпа бар. Бұл ұн,

жай ұнға қарағанда, ауыр және нәрлі келеді.Бүтін дәнді ұннан пісірілген нан әдетте өлшемі жағынан
кішірек болады. Нанның дәмі тамаша болу үшін, көптеген дайындау ережелерінде бүтін дәнді ұн мен
нан үшін арнайы ұнды араластырып дайындаған ұсынылған.
4. Қара бидай ұны.

Қара бидай ұны (ірі тартылған ұн) – құрамында талшықтары көп, бүтін дәнді ұнға ұқсас, ұнның түрі.

Мөлшері үлкен нан шығу үшін, қамырды қара бидай ұны мен нан үшін арнайы ұнының қоспасынан
жасағаныңыз жөн.
5. Бәліштерге арналған ұн.

Бәліштерге арналған ұн бидайдың жұмсақ сорттарынан тартылған ұннан немесе протеин мөлшері

төмен бидай ұнынан жасалады..
6. Жүгері ұны немесе сұлы ұны.

Жүгері ұны немесе сұлы ұны жүгері немесе сұлы дәндері тартылғанда жасалады.Бұл ұнның түрін, ірі

тартылған ұннан нан жасаған кезде, хош иісін күшейтетіндіктен және біркелкілігін жақсартатындықтан
қосылады.

Ұнның әртүрлі сорттары ұқсас келеді. Шындығында ашытқы қосылған ашытылу мен ұнның әртүрлі

сорттарының сіңіру мүмкіншіліктері қамырдың иленуі мен қамырдың ашытылуына және дайын нанның
сақталуына әсер етеді.
7. Қант.

Қант – нанға тәтті дәм және түс беретін өте маңызды өнім. Әдетте ақ қант қолданылады. Қоңыр қант,

қант ұнтағы, жылтырақ қант сыламасы дәміне байланысты қосылады.
8. Ашытқы.

1 ас қасық құрғақ ашытқы = ¾ ас қасық бірден ашытылатын ашытқы
5 ас қасық құрғақ ашытқы =3 ¾ ас қасық бірден ашытылатын ашытқы
2 ас қасық құрғақ ашытқы = 1,5 ас қасық бірден ашытылатын ашытқы
Ашытқы тоңазытқышта сақталу керек, өйткені ол бөлме температурасының әсерінен бұзылуы мүмкін.

Әдетте қамырдың көтерілуімен болатын қиындықтар, ашытқының бұзылғанымен байланысты. Төменде
келтірілген тәсілдің көмегімен Сіз ашытқының қолдануға жарамдылығын тексере аласыз.
a) Жарты кесе жылы суды (45-50ºС) мөлшерлі стаканға құйыңыз.

Advertising