Қауіпсіз пайдалану ережелері және шарттары, Bm -2169 нан пісіретін пеші, Қауіпсіздік шаралары – Инструкция по эксплуатации Binatone BM-2169

Страница 26: Арнайы қауіпсіздік шаралары

Advertising
background image

26

BM -2169 Нан пісіретін пеші

Аспаптың арналу мақсаты: тұрмыстық жағдайларда нан пісіруге, қамыр илеуге, джем дайындауға

арналған.

Негізгі тұтынушылық қасиеттері және сипаттамалары:
Қуат көзінің кернеуі: 230 В, ~50 Гц.
Тұтынылатын қуат: 800 Вт.
Пісіруге арналған ыдыстың материалы: күюге қарсы жабыны бар алюминий.
Өнім қолданыстағы техникалық регламентке сәйкес сертификатталған.
Өндіруші өз қалауымен және қосымша хабарламаларсыз жиынтықты, сыртқы түрін, өндіріс елін және

модельдердің техникалық сипаттамаларын өзгерте алады.

ҚАУІПСІЗ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ

ШАРТТАРЫ

ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ

Электр тоғына түсіп қалуды болдырмас үшін құралды, оның ашасын немесе электр

сымын суға немесе басқа сұйықтықтарға салмаңыз. Құралды ол суға немесе басқа
сұйықтықтарға түсіп кетпейтіндей жерге қойыңыз. Құралға су тиіп кеткен жағдайда, оны
тез арада желіден ажыратыңыз. Суға түсіп кеткен құралды қолданбаңыз. Оны уәкілетті
қызмет көрсету орталығына апарыңыз.

Балалардың ересек адамдардың қарауынсыз құралмен жұмыс істеуіне жол бермеңіз.
Құрал мүмкіндігі шектеулі адамдардың қолдануына арналмаған. Сонымен бірге құралды, осы

нұсқаумен таныспай, қолдануына тиім салынады.

Егер құралдың штепсельдік ашасы құрылысы жағынан Сіздің розеткаға сай келмесе, маманнан көмек

сұраңыз.

Түрлі ауыстырғыштарды қолдану құралды бұзып, кепілдікті міндеттемелерді тоқтатуы мүмкін.
Желіге қосылған құралды қараусыз қалдырмаңыз.
Құралдың орнын ауыстырған жағдайда, оны тазалау, сақтау алдында желіден ажыратыңыз.
Құралды ешуақытта электр сымынан тартып желіден ажыратпаңыз; штепсель ашасынан ұстап,

розеткадан шығарыңыз.

Электр сымының немесе құралдың өзінің қыздырылған бұйымдарға тимеуін қадағалаңыз.
Құралды және электр сымын ешкім де, абайсызда іліп кетіп, құралды құлатып алмайтындай

орналастырыңыз.

Электр сымы немесе штепсель ашасы бұзылған құралды қолданбаңыз. Құралды өздігіңізбен жөндеуге

тырыспаңыз.

Құралды ешуақытта өздігіңізбен бөлшектемеңіз; оны дұрыс жинамау құралды келесі қолдану кезінде

электр тоғына түсіп қалу қаупін туғызуы мүмкін.

Ақаулық анықталған жағдайда, уәкілетті сервис орталығына хабарласу қажет.
Бұл құрал коммерциялық және өнеркәсіптік қолдануға емес, тек үй тұрмысында қолдануға арналған.
Осы нұсқаулықтағы барлық талаптарды орындаңыз.
Механикалық ақаулары бар аспапты қолданбаңыз, оның жұмысқа жарамдылығын тек уәкілетті қызмет

көрсету орталықтарында тексеріңіз.

Аспапты тасымалдау қажет болған жағдайда, бүтіндігін және функционалдық қасиеттерін сақтау үшін

абай болыңыз.

АРНАЙЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ

Құралды жылу көздерінің қасына, тұрақсыз жерге орнатпаңыз.
Құралдың еркін жылу алмасуына кедергі жасамаңыз, оны орамалмен немесе басқа заттармен

жаппаңыз – бұл құралдың шамадан тыс қызып кетуі мен от шығу қаупіне әкелуі мүмкін!

Құралды ешқашан, нан пісіруге керекті өнімдерді науаға салмай, қолданбаңыз.
Осы нұсқаулықта ескерілген жағдайлардан басқа кезде, нан пісіретін пешінің жұмыс

істеу барысында қақпағын ашпаңыз. Құралды қайтадан қолданбас бұрын, науаны
немесе қамыр илейтін қалақты орнату үшін, құралды 30 минут суытыңыз.

Advertising