Инструкция по эксплуатации Samsung MS23H3115FK

Страница 90

Advertising
background image

Казақ - 26

Келесі кестеде Жұмсарту/еріту бағдарламалары, мөлшері және тиісті нұсқаулар

көрсетілген. Бұл бағдарламалар микротолқын қуатымен ғана жұмыс істейді.

Код/Тағам

Үстелге

тарту

мөлшері

Нұсқаулар

1

Сары майды

еріту

50 г

100 г

Сары майды 3 немесе 4 бөлікке бөліп,

кішкене шыны ыдысқа салыңыз. Қақпақ

жаппай ерітіңіз. Пісіріп болғаннан кейін

араластырыңыз. 1-2 минут қоя тұрыңыз.

2

Қара

шоколадты

еріту

50 г

100 г

Қара шоколадты үгітіп, кішкене шыны

ыдысқа салыңыз. Қақпақ жаппай ерітіңіз.

Ерітіп болғаннан кейін араластырыңыз.

1-2 минут қоя тұрыңыз.

3

Қантты

балқыту

25 г

50 г

Қантты кішкене шыны ыдысқа салыңыз.

25 г үшін 10 мл су, 50г үшін 20 мл су

қосыңыз.

Қақпақ жаппай ерітіңіз. Абайлап алыңыз,

пеш қолғабын киіңіз! Қасықты немесе

шанышқыны пайдаланып, карамель

безендіргішті пісірме қағазға құйыңыз.

10 минут кеуіп кеткенше қоя тұрыңыз,

содан кейін қағаздан алыңыз.

4

Сары майды

еріту

50 г

100 г

Сары майды 3 немесе 4 бөлікке бөліп,

кішкене шыны ыдысқа салыңыз. Бетін

жаппай ерітіңіз. Пісіріп болғаннан кейін

араластырыңыз. 1-2 минут қоя тұрыңыз.

БУМЕН ПІСІРУ НҰСҚАУЛЫҒЫ

(MS23H3115F* ҮЛГІЛЕРІНЕ ҒАНА АРНАЛҒАН)

Бу кәстрөлі бумен пісіру принципіне негізделген және тағамды Samsung

микротолқынды пешінде жылдам, әрі денсаулыққа пайдалы етіп пісіруге арналған.

Бұл құрал күріш, макарон, көкөніс т.с.с. тағамдардың табиғи құнарлылығын сақтай

отырып, өте жылдам пісіруге арналған.

Микротолқынды пештің бу кәстрөлі 3 керек-жарақтан тұрады:

Кәстрөл

Науа

Қақпақ

Бұл керек-жарақтардың барлығы -20 °C градустан бастап, 140 °C градус қызуға төзеді.

Мұздатқышта сақтауға жарамды. Жеке-жеке немесе бірге қолдануға да болады.

ҚОЛДАНУ ШАРТТАРЫ:

Қолданбаңыз:

• құрамында өте көп қанты немесе майы бар тағамдарды пісіру үшін,

• гриль құрылғысын немесе қызуды айналдыратын функцияны қолданып, не

пештің үстіне қойып қолданбаңыз.

Ең алғаш қолданар алдында барлық керек-жарақтарын сабынды сумен

жақсылап жуыңыз.
Пісіру уақыттарын келесі беттегі кестеде көрсетілген нұсқаулардан қараңыз.

КҮТІМ КӨРСЕТУ:

Осы бу кәстрөлін ыдыс жуғыш машинаға салып жууға болады.
Қолмен жуған кезде, ыстық су мен жуғыш сұйықты қолданыңыз. Жеміргіш

сүрткіштерді қолданбаңыз.
Кейбір тағамдар (қызанақ тәрізді) пластиктің өңін кетіруі мүмкін. Бұл қалыпты

жағдай және өндіруші жіберген ақау емес.

ЖІБІТУ:

Мұздатылған тағамды қақпағы жабылмаған бу кәстрөліне салыңыз. Тағамның

сұйығы ыдыстың түбінде қалады да, тағамға әсер етпейді.

MS23H3115FW_BW_DE68-04240B-00_KK.indd 26

2013-12-12 �� 11:19:39

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: