Pyccкий повар нұсқаулығы – Инструкция по эксплуатации LG MJ3881BC

Страница 97

Advertising
background image

21

ҚАЗАҚ

ҚАЛАЙ ПАЙДАЛАНУ КЕРЕК

Санат

Нұсқаулар

6. ПИРОГ С ЛОСОСЕМ

- Тағам темп. : Тоңазытқыш

- Ыдыс-аяқ : Аласа сөредегі

қыздырғыш табақ

Құрамы

4 жұмыртқа \ 50 г ұзын дәнді күріш \ 300 г ысталған албырт балық

15 г туралған жас аскөк \ 45 мл қаймақ \ 1 жайма қамыр

1 жұмыртқаның сарысы \ 5 мл су \ 15 мл жаңа піскен ақ нан үгіндісі

1. Жұмыртқаны кәстрөлге салып, суық су құйыңыз да, қайнатыңыз.

Отын барынша азайтыңыз да, 10 минут ақырын қайнатыңыз. Жұмыртқа

піскеннен кейін суын дереу төгіңіз де, ағып тұрған суық судың астына

қойыңыз. Жұмыртқаның қабығын аршып, ұсақтап тураңыз.

2. Сонымен бір мезгілде үлкен кәстрөлге су құйып, тұз қосып қайнатыңыз да,

күрішті салып, кәстрөлдің түбіндегі дәндері босағанша араластырыңыз.

Жұмсарғанша баяу отқа шамамен 20 минут қайнатыңыз. Елеуіш арқылы суын

төгіңіз де, суық сумен шайыңыз.

3. Гравлаксты немесе ысталған албыртты таспалап тіліп, үлкен шараға

салыңыз. Жұмыртқаны, күрішті, аскөк пен қаймақты қосыңыз да,

араластырыңыз. Дәміне қарай тұз бен бұрыш салыңыз.

4. Қамырдың жаймасын қыздырғыш табаққа салыңыз. Толтырманы жайма

қамырдың бір жартысына ұзынынан таратып жайыңыз. Жиектерін шөткемен

сулаңыз да, екінші жартысын толтырманың үстінен бүктеп, ораңыз. Жігінің

бойы шанышқымен бастыру арқылы жабыстырыңыз.

Ол мықтап оралған бөлке нанға ұқсас болуға тиіс.

5. Жұмыртқаның сарысы мен суды қосып жылдам шайқаңыз.

Қамырға шөткемен жұмыртқа қоспасын жағып, үстінен шанышқымен бі

рнеше жерден тесіңіз. Қамырға шөткемен жұмыртқа қоспасын жағып, үстінен

шанышқымен бірнеше жерден тесіңіз.

6. Тағамды аласа сөредегі қыздырғыш табаққа салыңыз. Мәзірді таңдап, сәл

күтіңіз де, бастау түймешігін басыңыз.

7. ОТКРЫТЫЙ ПИРОГ

- Тағам темп. : Бөлме

- Ыдыс-аяқ : Аласа сөредегі

қыздырғыш табақ

Ет тұздығының құраластары

250 г қамыр \ 30 г қара өрік \ 30 г кепкен сары өрік \ 30 г мейіз

3 ас қасық бал \ 3 ас қасық еріген сары май \ 30 г орман жаңғағы

1. Сәл ұн себілген үстелде қамырды дөңгелектеп жайыңыз да, қыздырғыш

табаққа салыңыз. Шеттерін қырқып, табақтан сәл асырып қалдырыңыз.

Шанышқымен тесіп, былай қоя тұрыңыз.

2. Кепкен жемістерді жуып, суын сорғытыңыз да, қара өрік пен кепкен сары

өрікті ортасынан бөліп, бал мен сары май қосыңыз, бәрін араластырыңыз.

3. Жеміс қоспасын қамырдың бетіне біркелкі етіп салыңыз.

4. Қыздырғыш табақты аласа сөреге қойыңыз.

Мәзірді таңдаңыз да, бастау түймешігін басыңыз.

8. ЧЁРНЫЙ ХЛЕБ

- Тағам темп. : Бөлме

- Ыдыс-аяқ : Аласа сөредегі

қыздырғыш табақ

Құрамы

2 тостақ еленбеген қарабидай ұны \ 1 1/2 тостақ еленбеген ақ бидай ұны

1 шай қасық қант \ 2 шай қасық тұз \ 1 тостақ бүтін кебек жармасы

2 ас қасық үгітілген зире дәні \ 2 ас қасық құрғақ ашытқы

1 1/2 тостақ су \ 1/4 тостақ сірке суы (немесе 1/8 тостақ зәмзәм сіркесуы)

1/4 тостақ қара сірне \ 1 шаршы қантсыз шоколад

1/4 тостақ сары май \ 1 шай қасық жүгері крахмалы \ 1/2 тостақ суық су

1. Қарабидай ұны мен бидай ұнын қосып араластырыңыз. 2 1/3 тостақ

ұн қоспасы мен қантты, тұзды, жарманы, зире дәндерін, кофені, пияз

ұнтағын, аскөк дәні мен құрғақ ашытқыны араластырыңыз.

2. Суды, сірке суын, сірнені, шоколад пен сары майды кәстрөлге қосып

салыңыз. Сұйықтық әбен жылығанша қыздырыңыз.

3. Қоспаны жүгері крахмалынан басқа құрғақ құраластарға біртіндеп

қосыңыз да, шамамен 2 минут шайқаңыз.

4. 1/2 тостақ ұн қоспаны қосыңыз да, 2 минуттай шайқаңыз.

5. Қамырды қақпағы бар шараға салып, шамамен 15 минут тындырып

қойыңыз. Қамыр екі есе ұлғайғанда, екіге бөліңіз.

6. Қамырды да дәл солай салып қойыңыз.

7. Қамырды аласа сөредегі қыздырғыш табаққа салыңыз.

Мәзірді таңдаңыз да, бастау түймешігін басыңыз.

8. Жүгері крахмалы мен суық суды араластырыңыз. Қоспаны тек бір қайнауына

жеткізіңіз.

9. Биип деген дыбыс естілгенде, шелпектердің бетіне жүгері крахмалын

шөткемен жағып, пісіруді жалғастыру үшін бастау түймешігін басыңыз.

Pyccкий Повар Нұсқаулығы

Advertising