Абай болыңыз – Инструкция по эксплуатации LG MJ3881BC

Страница 82

Advertising
background image

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ

1

Есіктің тетігіне орнатылған қауіпсіздік бекіткіштерге байланысты, есік ашық тұрғанда пешті

жұмысқа пайдалану мүмкін емес. Қауіпсіздік бекітпелеріне тиіспеудің маңызы зор.

• Бұл шамадан тыс микротолқын қуатының əсеріне ұшырауға əкеліп соғуы мүмкін. (Қауіпсіздік

бекітпелері есік ашық тұрған кездегі кез келген тамақ пісіру əрекетін автоматты түрде өшіреді).

2

Пештің алдыңғы жағы мен есігінің арасына ешқандай зат (ас үй сүлгілері, майлықтар, т.б.

сияқты) қоймаңыз жəне тағамның не тазартқыш заттың қалдығының тығыздауыш беттерде

жиналуына жол бермеңіз.

• Бұл шамадан тыс микротолқын қуатының əсеріне ұшырауға əкеліп соғуы мүмкін.

3

Микротолқынды пеш бүлінген болса, оны іске қоспаңыз. Пештің есігінің дұрыс жабылуының

жəне төмендегілерге зақым келмеуінің ерекше маңызы бар: (1) есік (жапырылған), (2)

топсалар мен ысырмалар (сынған немесе осал), (3) есік тығыздағыштары мен тығыздағыш

беткі қабаттар.

• Бұл шамадан тыс микротолқын қуатының əсеріне ұшырауға əкеліп соғуы мүмкін.

4

Тамақ пісіру уақытының дұрыс орнатылуын қамтамасыз етіңіз, тағамның шамалы мөлшері

үшін азырақ пісіру немесе қыздыру уақыты қажет болады.

• Артық пісіру тағамның күйіп кетіп, соның нəтижесінде пештің бүлінуіне əкеліп соғуы мүмкін.

5

Сұйық тағамдарды, мысалы, көже, тұздық жəне сусындарды микротолқынды пеште

жылытқан кезде,
* Тар мойынды тік қабырғалы ыдысты пайдаланбауға тырысыңыз.
* Қатты қыздырып жібермеңіз.
* Ы

дысты пешке қоярдың алдында жəне қыздырудың орта тұсында сұйық тамақты

араластырыңыз.

* Қ ыздырғаннан кейін оны тұмшапештің ішінде шамалы уақыт қалдыра тұрыңыз; күйіп қалуға

жол бермес үшін оны тағы да еппен сапырыңыз немесе шайқаңыз да, пайдаланар алдында

(əсіресе емізік шөлмектердің жəне балалар тағамы салынған қалбырлардың ішіндегісін)

температурасын тексеріңіз.

• Ыдысты ұстаған кезде абай болыңыз. Сусындарды микротолқынды пеште қыздыру олардың біраз

уақыттан кейін көпірместен қайнап кетуіне əкелуі мүмкін. Бұл ыстық сұйық тағамның кенеттен

тасып төгілуіне əкелуі мүмкін.

6

Шығыс саңылауы пештің үстіңгі, астыңғы немесе бүйір жағында орналасады. Саңылауды

бітеп тастамаңыз.

• Бұл пештің бұзылуына және тағамның нашар пісуіне әкелуі мүмкін.

7

Бос тұрған тұмшапешті іске қоспаңыз. Пеш пайдаланылмайтын кезде оның ішіне бір стакан

су қойған өте жақсы болады. Пеш кездейсоқ іске қосылып кетсе, су барлық микротолқын

қуатын қауіпсіз сіңіріп алады.

• Дұрыс пайдаланбау пештің бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.

8

Сіз пісіріп жатқан тағам бойынша аспаздық кітапта тиісті нұсқаулар болмаса, қағаз

сүлгілерге оралған тағамды пісірмеңіз. Және тамақ пісіру үшін қағаз сүлгілердің орнына

газет пайдаланбаңыз.

• Дұрыс пайдаланбау жарылысқа немесе өрт шығуына себеп болуы мүмкін.

9

Ағаш ыдыс пен металдан (мысалы, алтын немесе күміс) жасалған ішкі қабаты ыдысты

пайдаланбаңыз. Металдан жасалған орауыш бауларды алып тастаңыз. Ыдыс-аяқты

пайдаланар алдында микротолқынды пеште пайдалануға жарамды екенін тексеріңіз.

• Олар қызып кетіп, күюі мүмкін. Атап айтқанда металл заттар пештің ішінде ұшқындап, елеулі

зақым келтіруі мүмкін.

6

ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ МАҢЫЗДЫ НҰСҚАУЛАР

Advertising