Тағамның сипаттамалары және микротолқынға пісіру – Инструкция по эксплуатации LG MJ3881BC

Страница 110

Advertising
background image

34

ТАҒАМНЫҢ СИПАТТАМАЛАРЫ ЖӘНЕ МИКРОТОЛҚЫНҒА ПІСІРУ

Қоңыр етіп қуыру

Он бес минут немесе ұзағырақ пісірілетін ет пен құс еті өз майына сәл қоңырқай тартады. Қысқарақ

уақыт пісірілетін тағамдарға вустершир тұздығы, соя тұздығы немесе барбекю тұздығы сияқты қоңырқай

ететін тұздықтарды жағып, тәбет аштыратын түске жеткізуге болады. Қоңыр тарттыратын тұздықтар

тағамға аз мөлшерде қосылатындықтан, рецептің бастапқы дәмі өзгермейді.

Май өткізбейтін қағазбен жабу

Бұл қақпаққа немесе жабысқақ үлдірге қарағанда босаңдау жабады, сондықтан тағам сәл кеберсуі

мүмкін. Бірақ бұл қақпаққа немесе жабысқақ үлдірге қарағанда босаңдау жабатындықтан тағамды сәл

құрғатуға мүмкіндік береді.

орналастыру және дәмдеп-тұздау

Піскен картоп, шағын кекстер мен тіскебасар сияқты жекелеген тағамдарды арасына бірдей орын

қалдырып, дөңгелектеп орналастырса, олар біркелкі піседі. Тағамды бірінің үстіне бірін қоюға блмайды.

Араластыру

Араластыру – барлық микротолқынға пісіру әдістерінің ішіндегі ең маңыздыларының бірі. Дәстүрлі тамақ

пісіруде тағамды біріктіру үшін араластырады. Ал микротолқынға пісіргенде тағамды таратып салу және

қызуды тарату үшін араластырады. Тағамның сыртқы жағынан ішіне қарай араластырыңыз, себебі әуелі

сыртқы жағы қызады.

Аударыстыру

Қуырылатын ет пен тұтас тауық сияқты ірі тағамның асты мен үсті біркелкі пісуі үшін аударыстыру керек.

Кесілген тауық пен жаншылған котлетті де аударыстырған дұрыс.

Жуандау бөліктердің үстін сыртқа қаратып орналастыру

Микротолқындар тағамның сыртқы жағына тартылатындықтан, еттің, құс етінің және балықтың жуандау

бөліктерін пісірме табақтың сыртқы шетіне орналастырған жөн. Сонда жуанырақ бөліктері көбірек

микротолқын қуатын алып, тағам біркелкі піседі.

Қалқалау

Шаршы немесе төртбұрышты тағамның бұрыштары мен шеттері күйіп кетпес үшін солардың үстінен

алюминий фольганың таспаларын (микротолқындарды бұғаттайтын) салуға болады. Фольганы тым көп

пайдаланбаңыз және пеште ұшқындау болмас үшін фольганы табаққа жақсылап бекітіңіз.

Көтеріп қою

Қалың немесе тығыз тағамдардың асты мен ортасына микротолқындар сіңірілуі үшін оларды сәл

көтеріңкіреп қоюға болады.

Тесу

Қабығы, терісі немесе жарғағы бар тағадарды пісірер алдында тесіп қоймаса, олар пеште жарылып

кетуі мүмкін. Мұндай тағамдарға жұмыртқаның сарысы мен ақуызы, түрлі ұлулар және тұтас көкөніс пен

жеміс-жидек жатады.

Тағамның піскенін тексеру

Тағам пеште өте тез піседі, оны жиі тексеріп отыру керек. Кейбір тағамдар толық піскенше

микротолқынды пеште қалдырылады, бірақ тағамдардың көпшілігін, соның ішінде ет пен құс етін сәл

шала піскен күйінде пештен алып, тұрған күйінде жете пісуіне мүмкіндік беру керек. Тағамдардың ішкі

температурасы тұрған кезде 5° F (3° C) және 15° F (8° C) аралығында көтеріледі.

Тұру уақыты

Тағамдарды пештен алғаннан кейін әдетте 3 ~ 10 минут аралығында қоя тұрады. Әдетте тағамдарды

(мысалы, кейбір кекстер мен пирожныйлар) қойып қойған кезде, құрылымы құрғады-ау деген кезге

дейін қызуды сақтау үшін қақпақпен жабу керек. Тағамдарды әбден піскенше қоя тұрса, сондай-ақ дәмі

қанығып, жақсара түседі.

ТАғАМНЫҢ СиПАТТАМАЛАРЫ ЖәНЕ

МиКРоТоЛҚЫНғА ПІСІРУ

Advertising