Тағамның сипаттамалары және микротолқынға пісіру – Инструкция по эксплуатации LG MJ3881BC

Страница 109

Advertising
background image

33

ҚАЗАҚ

ТАҒАМНЫҢ СИПАТТАМАЛАРЫ ЖӘНЕ МИКРОТОЛҚЫНҒА ПІСІРУ

Қадағалап отыру

Кітаптағы рецепттер аса мұқияттылықпен жазылған, бірақ тамақ дайындаудың сәтті болуы сіздің

тағамға қаншалықты көңіл бөлгеніңізге байланысты болады. Тамақ пісіру барысында әрдайым оны

қарап жүріңіз. Сіздң микротолқынды пешіңіз шаммен жабдықталған, ол пеш жұмыс істеп тұрғанда

автоматты түрде жанады да, сіз оның ішін көріп, тағамның пісірілуін тексере аласыз. Рецепттерде

берілген көтеру, сапыру, және сол сияқты нұсқауларды ұсынылатын ең аз қадамдар деп қарастыру

керек. Егер тағам біркелкі піспеген сияқты болса, мұны түзету үшін лайықты деп тапқан іс-әрекеттерді

жасаңыз.

Микротолқынға пісіру уақытына әсер ететін жайттар

Пісіру уақытына көптеген жайттар әсер етеді. Рецепте қолданылатын құраластардың температурасы

пісіру уақыты үшін маңызы зор. Мысалы, мұздай қатқан май, сүт пен жұмыртқа қосылған кекс

бөлме температурасындағы құраластарға қарағанда әлдеқайда ұзақ піседі. Осы кітаптағы барлық

рецептерде пісіру уақытының ауқымы берілген. Жалпы алғанда, уақыт ауқымының соңғы жағында

тағамның шала піскенін байқайсыз, сөйтіп, кейде өзіңіздің қалауыңызға қарай берілген ең көп

уақыттан асыра пісіргіңіз келуі мүмкін. Осы кітаптың басты қағидасы – рецептегі пісіру уақытын берген

кезде сақтық таныту, себебі езіліп піскен тағамды жөндеу мүмкін емес. Кейбір рецептерде, әсіресе

нан, кекс пен қайнатпа крем рецептерінде тағамды пештен сәл шла піскен күйінде алу ұсынылады.

Бұл қателік емес. Әдетте қақпағы жабулы осы тағамдарды қоя тұрса, олар пештің сыртында да пісуін

жағастырады, себебі тағамның үстіңгі бөліктерінде қалған қызу біртіндеп ішкі жағына өтеді. Егер

тағамды әбден піскенше пештің ішінде қалдырса, сыртқы жағы қатты пісіп немесе тіпті күйіп кетуі де

мүмкін. Түрлі тағамдарды пісіру мен қоя тұру уақыты жағынан сіз бірте-бірте дағдыланасыз.

Тағамның тығыздығы

Кекстер мен нан сияқты жеңіл, кеуек тағамдар қуырылған және бұқтырылған ет сияқты ауыр, тығыз

тағамдарға қарағанда тезірек піседі. Кеуек тағамды микротолқынды пеште дайындаған кезде сырты

құрғап, үгітілмес үшін абай болуыңыз керек.

Тағамның биіктігі

Биік тағамдардың, әсіресе қырмалардың үстіңгі жағы астыңғы жағына қарағанда тезірек піседі.

Сондықтан пісіру барысында тағамды бірнеше рет аударыстырған дұрыс.

Тағамның құрамындағы ылғал

Микротолқындар шығаратын қызу ылғалдың булануына себеп болатындықтан, қуырмалар мен

кейбір көкөніске пісірер алдында су шашып немесебетін жауып қою керек.

Тағамның құрамындағы сүйек пен май

Сүйектер жылу өткізеді, ал май етке қарағанда тезірек піседі. Еттің шала немесе қатты пісіп кетуіне

жол бермес үшін сүйегі мен майы бар етті пісірген кезде абай болу керек.

Тағамның мөлшері

Қанша тамақ пісіріліп жатқанынан тәуелсіз, пештегі микротолқындар мөлшері тұрақты блып қалады.

Сондықтан пешке тағамды неғұрлым көп салсаңыз, пісіру уақыты да солғұрлым ұзарады. Рецепті

жартылай пісіргенде пісіру уақытының кем дегенде үштен бірін шегеруді ұмытпаңыз.

Тағамның пішіні

Микротолқын тағамға тек 2 м ғана бойлайды, қалығ тағамның ішкі жағы сыртындағы қызу ішіне

қарай өткенде піседі. Тағамның тек сыртқы беті ғана микротолқын қуатына піседі; қалғаны жылу

алмасу арқылы піседі. Микротолқынға пісіру үшін тағамның ең қолайсыз пішіні – қалың шаршы.

Іші сәл ғана жылығанша бұрыштары күйіп кетеді. Микротолқынға ең жақсы пісетіні – дөңгелек жұқа

және сақина пішінді тағамдар.

Тағамды жабу

Қақпақ жылуды ұстап, тағамның тезірек пісуне жағдай жасайды. Қақпақты немесе шашырауға ол

бермес үшін микротолқынды пешке арналған бұрышы қайырылған жабысқақ үлдірді пайдаланыңыз.

ТАғАМНЫҢ СиПАТТАМАЛАРЫ ЖәНЕ

МиКРоТоЛҚЫНғА ПІСІРУ

Advertising