Қауіпсіздік жөніндегі маңызды нұсқаулар, Ескерту, Абай болыңыз – Инструкция по эксплуатации LG MJ3881BC

Страница 80

Advertising
background image

4

ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ МАҢЫЗДЫ НҰСҚАУЛАР

ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ МАҢЫЗДЫ НҰСҚАУЛАР

Болашақта қарау үшін сақтап қойыңыз. Пешті пайдаланған кезде өрт шығу, электр тогы соғу, адамдарды

жарақаттау немесе зақым келтіру қатерiн азайту үшiн, оны пайдаланардан бұрын барлық нұсқауларды оқып

шығыңыз және орындаңыз. Орын алуы мүмкін жағдайлардың бәрі бұл нұсқаулықта қамтылмаған. Өзіңізге

түсініксіз мәселелерге қатысты әрқашан да қызмет көрсетуші агентке немесе өндірушіге хабарласыңыз.

Бұл қауіпсіздік туралы ескерту белгісі. Бұл белгі сізді және басқа адамдарды зақым келтіруі немесе қазаға

ұшыратуы мүмкін ықтимал қатерлер туралы ескертеді. Қауіпсіздік туралы барлық хабарлар “ЕСКЕРТУ”

немесе “АБАЙ БОЛЫҢЫЗ” деген сөздері бар қауіпсіздік туралы ескерту белгісінен кейін келеді. Бұл сөздер

төмендегіні білдіреді :

Бұл белгі денеге елеулі жарақат келтіруі немесе мүлікті зақымдауы мүмкін қатерлер немесе қатерлі
іс-әрекеттер туралы ескертеді.

Бұл белгі денеге елеулі жарақат келтіруі немесе қазаға ұшыратуы мүмкін қатерлер немесе қатерлі
іс-әрекеттер туралы ескертеді.

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ

ЕСКЕРТУ

ЕСКЕРТУ

ЕСКЕРТУ

1

Микротолқынды қуаттан қорғауды қамтамасыз ететін кез келген қақпақты алуға себеп

болатындай, пештің есігіне, есік тығыздауыштарына, басқару тақтасына, қорғаныс

құрсауының қосқыштарына немесе қандай да бір басқа бөлшектеріне тиісіп, өзгерту енгізуге

немесе жөндеуге тырыспаңыз. Егер есік тығыздауыштары және микротолқынды пештің

жапсарлас бөліктері ақаулы болса, пешті пайдаланбаңыз. Жөндеуді тек білікті техникалық

қызмет көрсетуші мамн ғана іске асыруға тиіс.

• Басқа аспаптардан өзгешілігі, микротолқынды пеш жоғары кернеулі және жоғары электр тоғы бар

құрылғы түрі болып табылады. Оны дұрыс пайдаланбау немесе дұрыс жөндемеу шамадан тыс

микротолқын қуатының әсеріне ұшырауға немесе ток соғуына әкелуі мүмкін.

2

Пешті зат кептіру мақсатында пайдалануға болмайды. (Мысалы: Микротолқынды

пешті дымқыл газеттермен, киім-кешекпен, ойыншықтармен, электр аспаптарымен, үй

жануарларымен немесе балалармен т.б. жұмысқа қосу.)

• Бұл өрт шығуы, күйіп қалу немесе электр тоғы соғуынан кенет қаза болу сияқты, қауіпсіздікке

елеулі қатер келуіне себеп болуы мүмкін.

3

Құрылғы кішкентай балалардың немесе кәрі адамдардың пайдалануына арналмаған.

Балалар пешті қауіпсіз жолмен пайдалана алатын және дұрыс қолданбаудың қатерін түсінетін

етіп, оларға тиісінше нұсқаулар берілген жағдайда ғана, олардың микротолқынды пешті

қадағалаусыз пайдалануына рұқсат беріңіз.

• Дұрыс пайдаланбау өрт шығуы, электр тогы соғуы немесе күйіп қалу сияқты зақымға себеп болуы

мүмкін.

4

Пайдалану кезінде қол жететін бөлшектері ысып кетуі мүмкін. Жас балаларды аулақ ұстау

керек.

• Олар күйіп қалуы мүмкін.

5

Сұйық тағамдар мен басқа да тағамды тұмшаланып жабылған сауыттарда қыздыруға

болмайды, себебі олар жарылуы мүмкін. Пісірерден немесе жібітерден бұрын тағамнан

пластмасса орауышты алып тастаңыз. Кейбір жағдайларда тағамды қыздыру немесе пісіру

үшін пластик үлдірмен жабу қажет екенін ескеріңіз.

• Олар жарылуы мүмкін.

Advertising