Қазақ – Инструкция по эксплуатации Vitek VT-3960 BK

Страница 40

Advertising
background image

ҚАЗАҚ

0

ОЯТҚЫШ САҒАТТЫ ОРНАТУ

Сіз өз магнитолаңызды күн сайын белгіленген

уақытта оятқыш сағат қосылатындай және

өшірілетіндей орната аласыз. Бұл жағдайда

дыбыстық сигнал көзі ретінде дискіні,

радионы немесе кассетаны, сонымен қатар

USB және SD/MMC ағытпаларға қосылатын

құрылғыларды пайдалана аласыз.

Ескерту: егер дыбыстық сигнал ретінде

кассета таңдалса, алдымен PLAY батырмасын

басу қажет (23, 1-сурет).

1. Оятқыш сағатты қосу уақытын орнату.

Ағымдағы уақыт режимінде магнитоладағы

TIMER батырмасын бір рет басыңыз. LCD-

дисплейде «ON TIME» индикациясы пайда

болады, ал “TIMER” индикаторы үнемі

жыпылықтайтын болады.

УАҚЫТТЫ ОРНАТУ тарауында

сипатталғандай оятқыш сағатты қосу

уақытын орнатыңыз.

2. Оятқыш сағатты өшіру уақытын орнату.

TIMER батырмасын тағы бір рет басыңыз.

LCD-дисплейде «OFF TIME» индикациясы

пайда болады, ал “TIMER” индикаторы

үнемі жыпылықтайтын болады.

УАҚЫТТЫ ОРНАТУ тарауында

сипатталғандай оятқыш сағатты өшіру

уақытын орнатыңыз.

3. Дыбыстық сигнал көзін таңдау.

TIMER батырмасын тағы бір рет басыңыз.

LCD-дисплейде ағымдағы режим пайда

болады (мысалы: TUNER).

Алдымен MEMORY/CLK-ADJ батырмасын
басыңыз, содан кейін TUNING

/SKIP

немесе TUNING

/SKIP кезекпен баса

отырып, дыбыстық сигнал көзін таңдаңыз.

Таңдалған дыбыстық сигнал көзін таңдау

үшін MEMORY/CLK-ADJ батырмасын

басыңыз.

4. Оятқыш сағаттың дыбыс қаттылығының

деңгейін орнату.

TIMER батырмасын тағы бір рет басыңыз.

LCD-дисплейде ағымдағы дыбыс

қаттылығының деңгейі пайда болады

(мысалы: VOL 20).

Алдымен MEMORY/CLK-ADJ батырмасын

басыңыз, содан кейін TUNING

/SKIP

немесе TUNING

/SKIP кезекпен баса

отырып, қалаған дыбыс қаттылығының

деңгейін орнатыңыз. Орнатылған дыбыс

қаттылығының деңгейін енгізу үшін

MEMORY/CLK-ADJ батырмасын тағы бір

рет басыңыз.

Ескерту: Дыбыс қаттылығын 0-ден 40

дейінгі диапазон аралығында өзгертуге

болады.

5. Оятқыш сағатты қосу.

Қашықтықтан басқару пультіндегі TIMER/

SLEEP батырмасын басыңыз. LCD-

дисплейде “TIMER” индикаторы пайда

болады.

Белгіленген уақытқа жеткеннен кейін

оятқыш сағат автоматты түрде қосылады.

Оятқыш сағатты өшіру үшін STANDBY

батырмасын басыңыз.

6. Оятқыш сағатты өшіру.

Қашықтықтан басқару пультіндегі TIMER/

SLEEP батырмасын тағы бір рет басыңыз.

“TIMER” индикаторы сөнеді.

магнитолАНЫ ӨШІРУ УАҚЫТЫН ОРНАТУ

(тек қашықтықтан басқару пультінде

орналасқан батырмалардың көмегімен)

Сіз магнитоланы өшіру уақытын орната

аласыз (максимум 90 минут).

1. Радионы тыңдау/ музыканы ойнату

режимінде қашықтықтан басқару

пультіндегі TIMER/SLEEP батырмасын

басыңыз. LCD-дисплейде «90» минут

индикациясы пайда болады, ал “SLEEP”

индикаторы жыпылықтайтын болады.

2. Уақытты өзгерту үшін қашықтықтан

басқару пультіндегі TIMER/SLEEP

батырмасын басып, ұстап тұрыңыз. Сіз

магнитоланы өшіру уақытын 10 минуттық

қадаммен 0-ден 90 минут аралығында

орната аласыз.

3. Белгіленген уақытқа жеткеннен кейін

магнитола автоматты түрде сөнеді.

4. Таймерді өшіру үшін қашықтықтан басқару

пультіндегі TIMER/SLEEP батырмасын

тағы бір рет басыңыз. “SLEEP” индикаторы

сөнеді. Магнитоланы өшіру үшін STANBY

батырмасын басыңыз.

3960IM.indd 40

12.10.2007 15:50:55

Advertising