Сақтық шаралары – Инструкция по эксплуатации Panasonic CS-LE9

Страница 32

Advertising
background image

32

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Жеке басыңыздың, басқалардың жарақатын немесе

мүлік тің зақымдалуын болдырмау үшін мына

талаптарды орындаңыз.

Төмендегі нұсқаулардың орындалмағанына

байланысты дұрыс пайдаланбау салдарынан төменде

жіктелген жарақат немесе зақым пайда болуы мүмкін:

АЛДЫН-АЛА ЕСКЕРТУ

Бұл белгі өлім немесе ауыр жарақат қаупін

ескертеді.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

Бұл белгі мүліктің бүліну немесе зақымдалу

қаупін ескертеді.

Орындалу ы керек нұсқаулар мына нышандармен

жіктеледі:

Бұл нышан ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН əрекетті

білдіреді.

Бұл нышандар МІНДЕТТІ əрекеттерді

білдіреді.

ЕСКЕРТУ

ІШКІ ҚҰРЫЛҒЫ ЖƏНЕ СЫРТҚЫ ҚҰРЫЛҒЫ

Қауіпсіздік үшін жауапты тұлға құрылғыны

пайдалануға қатысты басшылық немесе нұсқау

бермесе, бұл құрылғы тəн, сезім немесе ойлау

мүмкіндіктері шектеулі немесе тəжірибесі

жəне біліктілігі жоқ адамдардың (оның ішінде

балалардың) пайдалануына арналмаған.

Балалардың құрылғымен ойнамауы үшін оларды

қадағалау қажет.
Ішкі бөліктерін тазалау, құрылғыны жөндеу,

орнату, алып тастау жəне қайта орнату үшін

рұқсатты өкілге немесе маманға хабарласыңыз.

Дұрыс орнатпау жəне пайдаланбау жылыстауға,

электр тоғына соғылуға немесе өртке əкеледі.
Авторландырылған дилерге немесе қолдану

жөніндегі маманға көрсетілген хладагент түрін

растаңыз. Көрсетілген хладагенттің басқа түрін

қолдану бұйымның бүлінуіне, жарылысқа,

жарақаттануға жəне т.б. əкеп соқтыруы мүмкін.
Құрылғыны жарылу немесе өрт тұтану қаупі бар

ортада орнатпаңыз. Əйтпесе өрт орын алуы мүмкін.
Кондиционердің ішкі немесе сыртқы

құрылғысына, айналатын бөліктеріне

саусағыңызды немесе басқа заттарды

кіргізбеңіз.
Найзағай ойнаған кезде сыртқы құрылғыға

қолыңызды тигізбеңіз, электр тоғына соғылу қаупі

бар.
Шамадан көп салқындатуды болдырмау үшін ұзақ

уақыт бойы суық ауада тұрмаңыз.
Құрылғыға отырмаңыз не үстінен

баспаңыз, əйтпесе құлап қалуыңыз

мүмкін.

ҚАШЫҚТАН БАСҚАРУ ҚҰРАЛЫ

Сəбилер мен кішкентай балаларды қашықтан

басқару құралымен ойнатпаңыз, себебі

батареяларын кездейсоқ жұтып қоюы мүмкін.

ҚУАТ КӨЗІ

Шамадан көп қызу мен өртті

болдырмау үшін өзгертілген

сымды, біріккен сымды,

ұзартқышты немесе техникалық

талаптарға сай емес сымды

пайдаланбаңыз.

Шамадан көп қызып кетуді, өртті немесе электр

тоғына соғылуды болдырмау үшін:

• Бір розетканы басқа жабдықпен ортақ

пайдаланбаңыз.

• Құрылғыны ылғал қолдарыңызбен

пайдаланбаңыз.

• Қуат сымын майыстырмаңыз

• Құрылғыны тоқ ашасын кіргізу не айыру арқылы

қосып-өшірмеңіз.

Ішкі

Құрылғы

Қашықтан

Басқару Құралы

Қуат Көзі

Сыртқы

Құрылғы

Ауа шығысы

Ауа кірісі

Ауа кірісі

Ауа кірісі

Ауа кірісі

Ауа шығысы

Ауа шығысы

F568414_Book.indb 32

2012-1-10 16:23:08

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: