Жұмысты бастау – Инструкция по эксплуатации Samsung HT-ES8200

Страница 81

Advertising
background image

|

16

Қазақша

Жұмысты Бастау

Өнімді орнату

Өнімді тірекке орнатуға немесе қабырғаға ілуге болады. Өнімді орнату кезінде диск салу үшін жеткілікті
бос орынның қалғанын тексеріңіз. Егер қалдырмасаңыз, өнім қалыпты түрде жұмыс істемейді.

Орнату сақтандырулары

• Өнімді қабырғаға орнатсаңыз, қабырға тегіс және тік болуы тиіс.
• Өнімді температурасы не ылғалдылығы жоғары аймақтарға немесе теледидардың температурасын көтере алмайтын қабырғаға орнатпаңыз.
• Қабырғаның мықтылығын тексеріңіз. Егер қабырға мықтылығы өнімді қолдауға жеткіліксіз болса, орнатпастан бұрын міндетті түрде

қабырғаны мықтаңыз.

• Қабырғаның құрылымын тексеріңіз. Егер қабырға гипс тақтадан, мәрмәрден немесе темір тақтадан жасалса, тиісті ойық пен бекіту

бұрандаларын сатып алып, пайдаланыңыз.

• Өнімді орнатпастан бұрын, оған сыртқы құрылғылардың (теледидар, т.б.) барлық кабельдерін жалғаңыз.
• Егер өнімді гипс тақтаға (құрғақ қабырға) орнатсаңыз, біз қабырғаның артына қалпақты шеге қоюды және қолдау бұрандаларын шегеге

бекітуді ұсынамыз.

• Электр тогының соғуын болдырмау үшін, орнатпастан бұрын өнімді міндетті түрде өшіріңіз.
• Орнатылған өнімге асылмаңыз және оны ұрмаңыз.
• Құрылғыны құлап кетпейтіндей етіп қабырғаға мықтап бекітіңіз. Егер құрылғы құласа, ол жарақат тудыруы немесе өнімді зақымдауы мүмкін.
• Өнімді қабырғаға орнатсаңыз, баланың жалғанған кабельдердің ешқайсысын тартпауын қадағалаңыз, себебі ол өнімді құлатуы мүмкін.

1-жағдай: Тірекке орнату

Тірекке орнату үшін, тірек ұстағышты өнімнің төменгі ұясына кіргізіңіз.

2-жағдай: Қабырғаға орнату

1. Кронштейнді Blu-Ray Disc өнімінің артқы саңылауына кіргізіңіз. Екі бұранданы төменде

көрсетілгендей кіргізіп, бекіту үшін оларды сағат тілінің бағытымен бұраңыз.

HT-ES8200_RU_KAZ_0426.indd 16

HT-ES8200_RU_KAZ_0426.indd 16

2012-04-26 오전 10:38:09

2012-04-26 오전 10:38:09

Advertising