Soft ap – Инструкция по эксплуатации Samsung HT-ES8200

Страница 100

Advertising
background image

Қазақша

35

|

04

Параметрлер

Display

Audio

Network

System

Support

Wi-Fi Direct

Құрылғы атауы : [HTS]ES8200

Қосылу үшін Wi-Fi Direct құрылғысын таңдаңыз.

AndroidXXXXXXX Ажыратылды

Жабу

Жаңарту

m Жылжу " Енгізу ' Қайту

5 . Wi-Fi қосылымын орнатудың үш жолы бар:

• Wi-Fi құрылғысы арқылы.
• PBC көмегімен өнім арқылы.
• PIN-код көмегімен өнім арқылы.

Әрқайсысы төменде қамтылған.

Wi-Fi құрылғысы арқылы

1 . Wi-Fi құрылғысында құрылғыда екінші Wi-Fi

Direct құрылғысына қосылу процедурасын
орындаңыз. Нұсқауларды құрылғының
пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.

2 . Процедураны аяқтағанда, теледидар

экранында Wi-Fi Direct қолдайтын
құрылғысы қосылуды сұрағаны туралы
айтатын қалқыманы терезені көресіз.
OK тармағын таңдап, қабылдау үшін E
түймесін басыңыз.

3 . Қосылу қалқымалы терезесі, содан кейін

Қосылды қалқымалы терезесі пайда
болады. Ол жабылғанда, Wi-Fi Direct
экранындағы тізімде құрылғыны қосылған
ретінде көресіз.

PBC көмегімен өнім арқылы

1 . Осы өнімге қосу керек Wi-Fi Direct

құрылғысын таңдап, содан кейін E
түймесін басыңыз. PBC/PIN қалқымалы
терезесі пайда болады.

2 . PBC тармағын таңдап, E түймесін

басыңыз.
PBC қалқымалы терезесі пайда болады.

3 . 2 минут ішінде Wi-Fi Direct құрылғысындағы

PBC түймесін басыңыз.

4 . Қосылу қалқымалы терезесі, содан кейін

Қосылды қалқымалы терезесі пайда
болады. Ол жабылғанда, Wi-Fi Direct
экранындағы тізімде құрылғыны қосылған
ретінде көресіз.

PIN-код көмегімен өнім арқылы

1 . Осы өнімге қосу керек Wi-Fi Direct

құрылғысын таңдап, содан кейін E
түймесін басыңыз. PBC/PIN қалқымалы
терезесі пайда болады.

2 . PIN тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.

PIN қалқымалы терезесі пайда болады.

3 . Қалқымалы терезедегі PIN кодын жазып

алыңыз, содан кейін қосылу керек Wi-
Fi Direct құрылғысындағы тиісті өріске
енгізіңіз.

4 . Қосылу қалқымалы терезесі, содан кейін

Қосылды қалқымалы терезесі пайда
болады. Ол жабылғанда, Wi-Fi Direct
экранындағы тізімде құрылғыны қосылған
ретінде көресіз.

|

ЕСКЕРТПЕ

|

\ Wi-Fi Direct функциясын пайдаланғанда сымды немесе

сымсыз желі қосылымы ажыратылады.

Soft AP

Soft AP мүмкіндігі желідегі басқа Wi-Fi
құрылғыларына өнім арқылы қосылуға және
оларға интернетке қосылуға мүмкіндік береді.
Ол желіге қосқан кезде басқа Wi-Fi
құрылғыларына енгізу керек қауіпсіздік кілтін
жасауды қажет етеді.

1 . Басты экранда Параметрлер тармағын

таңдап, E түймесін басыңыз.

2 . Желі тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.

3 . Soft AP тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.

4 . Қосу немесе Сөндіру тармағын таңдап, E

түймесін басыңыз.

< Soft AP қауіпсіздік кілтін орнату >

1 . Soft AP экранында Қауіпсізд. кілті

тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.
Қауіпсіздік кілті экраны пайда болады.

2 . Қауіпсіздік кілті экранында қауіпсіздік кілтін

енгізіңіз. Қашықтан басқару құралындағы
сан түймешіктерінің көмегімен сандарды
тікелей енгізіңіз. Әріпті ▲▼◄►
түймешіктерінің көмегімен таңдау арқылы
енгізіп, содан кейін E түймешігін басыңыз.

3 . Аяқтаған кезде, экранның төменгі

жағындағы ДАЙЫН тармағына өту үшін
▲▼◄► түймелерін пайдаланыңыз, одан
кейін E түймесін басыңыз.

Wi-Fi құрылғысын құрылғыдағы қосылу
процедурасы арқылы қоссаңыз, тиісті өріске
осында жасалған қауіпсіздік кілтін енгізу керек.

HT-ES8200_RU_KAZ_0426.indd 35

HT-ES8200_RU_KAZ_0426.indd 35

2012-04-26 오전 10:39:05

2012-04-26 오전 10:39:05

Advertising