Параметрлер – Инструкция по эксплуатации Samsung HT-ES8200

Страница 101

Advertising
background image

|

36

Қазақша

Параметрлер

AllShare параметрлері

AllShare параметрлері экранында желіге
қосылған AllShare құрылғылары және олардың
IP мекенжайлары тізіледі. Осы экран арқылы
құрылғыға өнімге қол жеткізуге рұқсат етуге,
қол жеткізуге тыйым салуға немесе құрылғыны
AllShare тізімінен жоюға болады.

1 . Басты экранда Параметрлер, тармағын

таңдап, E түймесін басыңыз.

2 . Желі тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.
3 . AllShare параметрлері тармағын таңдап,

E түймесін басыңыз.

4 . Құрылғыны таңдап, E түймесін басыңыз.

AllShare параметрлері қалқымалы терезесі
пайда болады.

5 . Рұқсат ету, Бас т-у немесе Жою тармағын

таңдап, E түймесін басыңыз.

AllShare параметрлерінің экраны AllShare
құрылғыларымен орнатылған желілік
қосылымдар бар болса ғана көрсетіледі.
AllShare желілік құрылғылары туралы қосымша
ақпаратты 38~39-беттен қараңыз.

Бағдарламалық құралды жаңарту

Бағдарламалық құралды жаңарту мәзірі жұмысты
жақсарту және қосымша қызметтер алу
мақсатында бағдарламалық құралды жаңартуға
мүмкіндік береді.

• Жаңарту барысында өнімді қолмен өшіруші немесе

қосушы болмаңыз.

1 . Басты экранда Параметрлер тармағын

таңдап, E түймесін басыңыз.

2 . Қолдау тармағын таңдап, E түймесін

басыңыз.

3 . Бағдарламалық құралды жаңарту

тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.

4 . Келесі әдістердің біреуін таңдаңыз:

• Онлайн
• USB б-ша
• Диск арқ.
• Жүкт-ні бойынша
• Күту режимінде жүктеу

5 . E түймесін басыңыз.

Әрбір әдістер үшін нұсқаулар төменде
басталады.

|

ЕСКЕРТПЕ

|

\ Жаңарту процесі өнім өздігінен өшіп, қайта қосылғанда

аяқталады.

\ Samsung Electronics корпорациясы бағдарламалық

құралдың жаңартылуы барысындағы тұрақсыз Интернет
қосылымы немесе пайдаланушы немқұрайдылығы
нәтижесінде орын алған өнім ақаулары үшін жауап бермейді.

\ Егер жаңа бағдарламалық құралды қотару барысында

жаңартудан бас тарту керек болса, E түймесін басыңыз.

Онлайн

Желіде функциясын пайдалану үшін, өнім
Интернетке қосылған болу керек.

1 . Онлайн

тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.

Серверге қосылуда хабары пайда болады.

2 . Қотарылатын файлдар бар болса, орындалу

көрсеткіші бар Қотару қалқымалы терезесі
ашылып, қотару процесі басталады.

3 . Файл жүктеліп болғанда, үш таңдау берілген

Жаңарту сұрауы терезесі пайда болады:
Қазір жаңарту, Кейін жаңарту немесе
Жаңартпау.

4 . Қазір жаңарту тармағын таңдасаңыз,

өнім бағдарламалық құралды жаңартып,
автоматты түрде өшеді де, қайта қосылады.

5 . Бір минут ішінде ешқандай параметр

таңдалмаса немесе Кейін жаңарту тармағын
таңдаса, өнім жаңартылған бағдарламалық
құралды сақтап қояды. Бағдарламалық
құралды Жүкт-ні бойынша функциясын
пайдаланып кейін жаңартуға болады.

6 . Жаңартпау тармағы таңдалса, өнім

жаңартудан бас тартады.

USB б-ша

1 . www.samsung.com торабына кіріңіз.
2 . Беттің жоғарғы оң жағындағы SUPPORT

түймесін басыңыз.

3 . Іздеу өрісіне өнім моделінің нөмірін енгізіп,

содан кейін Find Product түймесін басыңыз.

4 . Қотармалар тақырыбының астында, беттің

ортасындағы Get downloads түймесін басыңыз.

5 . Беттің ортасындағы Firmware түймесін

басыңыз.

6 . Беттің оң жағындағы Файл бағанында

ішіндегі ZIP белгішесін нұқыңыз.

7 . Микробағдарламаны компьютерге қотару

және сақтау үшін пайда болған қалқымалы
терезеде OK түймесін басыңыз.

8 . Zip мұрағатын компьютерде ашыңыз. Атауы

zip-файлмен бірдей қалта пайда болу керек.

HT-ES8200_RU_KAZ_0426.indd 36

HT-ES8200_RU_KAZ_0426.indd 36

2012-04-26 오전 10:39:14

2012-04-26 오전 10:39:14

Advertising