Мультимедианы ойнату – Инструкция по эксплуатации Samsung HT-ES8200

Страница 111

Advertising
background image

|

46

Қазақша

Мультимедианы Ойнату

5 . Жолды тізімнен жою үшін, жолға өтіп,

E түймесін қайтадан басыңыз. Жолдағы
құсбелгі алынады.

6 . Орындап болған соң, Ой-ту, параметрін

таңдау үшін, ► түймесін, одан кейін E
түймесін басыңыз. Музыканы ойнату экраны
құсбелгі қойылған жолдар тізімімен қайта
пайда болады. Таңдалған жолдар автоматты
түрде ойнайды.

|

ЕСКЕРТПЕ

|

\ Дыбыс ықшам дискілерінде (CD-DA) 99-ға дейін жолы бар

ойнату тізімін жасай аласыз.

\ Егер ойнату тізімін жасап қойсаңыз, Ойнатуды таңдау

параметрі Құралдар мәзірінде Ойнату тізімін өңдеу
параметрімен ауыстырылады.

\ Таңдауды ойнату экранында Барл-н таңдау, Бар. таң. бас т.

және Бас тарту параметрлерін де таңдай аласыз.

• Барлық жолдарды таңдау үшін Барл-н таңдау параметрін

пайдаланыңыз. Бұл жеке жол таңдауларын болдырмайды.
Қашықтан басқару құралында RETURN (') түймесін
бассаңыз немесе ОЙНАТУ параметрін таңдап, E
түймесін бассаңыз, барлық жолдар Музыканы ойнату
экранында пайда болады, ал өнім барлық жолдарды
ойнатуды 001 жолынан бастайды.

• Барлық таңдалған жолдардың таңдауын бірден алу үшін,

Бар. таң. бас т. параметрін пайдаланыңыз. Одан кейін,
жеке жолдарды таңдаңыз немесе барлық жолдарды
таңдау үшін Барлығын таңдау параметрін пайдаланыңыз,
одан кейін қашықтан басқару құралында RETURN (')
түймесін басыңыз немесе ОЙНАТУ параметрін таңдап,
E түймесін басыңыз. Егер Барлығын таңдау параметрін
пайдаланбасаңыз немесе жеке жолдарды таңдамасаңыз,
ойнату тізімі өзгермейді.

• Бас тарту түймесі Таңдауды ойнату экранына жасалған

барлық өзгертулерді болдырмайды. Ойнату экранына
оралғанда, ойнату тізімі өзгермейді.

Алу

Музыка ықшам дискісінен музыканы USB ұясына
жалғанған USB құрылғысына ала аласыз.

1 . USB құрылғысын өнімнің сол жағындағы

USB ұясына салып, қашықтан басқару
құралындағы RETURN (') түймесін
басыңыз.

2 . Өнімнен немесе оған алынатын дискіні

салыңыз.

3 . Ойнату экраны көрсетіліп тұрғанда, TOOLS

түймесін басыңыз. Құралдар мәзірі пайда
болады.

4 . Алу параметрін таңдау үшін, ▲▼

түймелерін пайдаланыңыз, одан кейін
E түймесін басыңыз. Алу экраны пайда
болады.

5 . Жолды таңдау үшін, ▲▼ түймелерін

пайдаланыңыз, одан кейін E түймесін
басыңыз. Жолдың сол жағында құсбелгі
пайда болады.

6 . Қосымша жолдарды таңдау және құсбелгі

қою үшін, 5-қадамды орындаңыз.

7 . Жолды тізімнен жою үшін, жолға өтіп,

E түймесін қайтадан басыңыз. Жолдағы
құсбелгі алынады.

8 . Орындап болған соң, Алу параметрін

таңдау үшін, ► түймесін, одан кейін E
түймесін басыңыз. Алу қалқымалы терезесі
пайда болады.

9 . Алу процесін бастау үшін E түймесін

басыңыз. Алуды аяқтау жолағы қалқымалы
терезесі пайда болады.

10 . Алу аяқталғанда «Үзіліс аяқталды.» хабары

пайда болады. E түймесін басыңыз.

11 . Ойнату экранына қайту үшін RETURN (')

түймесін басыңыз.

|

ЕСКЕРТПЕ

|

\ Алу процесі аяқталғанда, MP атты қалта USB құрылғысында

жасалады.

HT-ES8200_RU_KAZ_0426.indd 46

HT-ES8200_RU_KAZ_0426.indd 46

2012-04-26 오전 10:39:53

2012-04-26 오전 10:39:53

Advertising