Орнататын жерде қауіпсіз етіп дайындау, Теледидарды қабырғаға бекіту – Инструкция по эксплуатации Samsung LE22B450C4W

Страница 89

Advertising
background image

Қазақша - 2

Орнататын жерде қауіпсіз етіп дайындау

Ауа жақсы алмасып тұру үшін теледидар мен басқа заттар (мысалы, қабырға) арасындағы арақашықтықты жеткілікті түрде

сақтаңыз.

Бұлай істемеген жағдайда, өрт шығу қатері орын алып немесе өнімнің ішкі температурасының жоғарылауы нәтижесінде

оған зиян келуі мүмкін.

Өнімді суретте көрсетілген арақашықтықтарды сақтай отырып орнатыңыз.

Теледидарды тұрғыға қойғанда не қабырғалық аспа жинаққа орнатқанда тек Samsung Electronics бөлшектерін ғана

қолданыңыз.

Егер басқа өндіруші шығарған бөлшектерді қолдансаңыз, өнімге зақым келуі не ол құлап қалған жағдайда адам

жарақаттануы мүмкін.

Егер басқа өндіруші шығарған бөлшектерді қолдансаңыз, өнімге зақым келуі немесе ауа жеткілікті түрде

алмаспағандықтан өнімнің ішкі температурасы жоғарылап, өрт шығуы мүмкін.

Өнімнің сыртқы көрінісі үлгі түріне қарай әртүрлі болуы мүмкін.

Теледидарды тұрғыға орнатқанда

Теледидарды қабырғалық аспа жинаққа орнатқанда

10 cm

10 cm

10 cm

10 cm

10 cm

10 cm

10 cm

Теледидарды қабырғаға бекіту

Абайлаңыз: Теледидарды тарту, итеру немесе үстіне шығу оның құлап қалуына әкеліп соғады. Әсіресе,

балалардың теледидар үстіне шықпауын немесе жылжытпауын қадағалаңыз; себебі бұндай әрекеттер

салдарынан теледидар аударылып кетіп, ауыр жарақат не өлім қатерін туғызатындай жағдайлар орын

алуы мүмкін. Бірге келген қауіпсіздік парақшасындағы сақтық шараларының барлығын орындаңыз. Оны

барынша орнықты ету үшін, аударылып кетуден сақтайтын құралды сақтық мақсатында төмендегі тәсіл

бойынша орнатыңыз.

Теледидар құлап қалмас үшін:

1. Бұрандаларды қапсырмаларға салыңыз да, қабырғаға мықтап бекітіңіз.

Бұрандалардың қабырғаға мықтап бекігеніне көз жеткізіңіз.

Қабырғаның түріне байланысты анкер шегесі тәрізді қосымша зат қажет болуы

мүмкін.

Бұранда қапсырмасы, бұрандалар мен бау құрылғымен бірге

жеткізілмейтіндіктен оларды жеке сатып алу қажет.

2. Бұрандаларды теледидардың артқы орта жағынан алыңыз да, қапсырмаға

салыңыз, содан соң бұрандаларды қайтадан теледидарға бекітіңіз.

Бұрандалар құрылғымен бірге жеткізілмеуі мүмкін. Мұндай жағдайда, келесі

техникалық сипаттамаға ие бұрандаларды сатып алуды сұраймыз.

Бұранданың техникалық сипаттамасы

17 ~ 29 дюймдік, СКБ теледидарға арналған: M4 X 15 / 32 ~ 40 дюймдік, СКБ

теледидарға арналған: M6 X 15

3. Теледидарға бекітілген қапсырмалар мен қабырғаға бекітілген қапсырмаларды бау

арқылы жалғап, содан соң мықтап байлаңыз.

Теледидар артқа қарай құлап кетпес үшін қабырғаға таята орнатыңыз.

Сақтық мақсатында қабырғаға бекітілген қапсырма мен теледидарға бекітілген

қапсырма бір деңгейде не одан төменірек тұру үшін оларды өзара баумен

жалғастырған дұрыс.

Бауды теледидарды жылжытпай тұрып шешіңіз.

4. Барлық қосылымдардың берік жалғанғандығына көз жеткізіңіз. Қосылымдардың

әлсіреп, не босап қалмағандығын мезгіл-мезгіл тексеріп отырыңыз.

Қосылымдардың берік екендігіне күмәндансаңыз, орнатушы маманға хабарласыңыз.

¦

N

N

¦

N

N

N

N

N
N

N

Қабырға

Қабырға

BN68-01980H-00Kaz.indd 27

2009-03-25 �� 11:21:26

Advertising