Қолдау көрсету мәзірін конфигурациялау – Инструкция по эксплуатации Samsung LE22B450C4W

Страница 84

Advertising
background image

Қазақша - 22

Қолдау көрсету мәзірін конфигурациялау

Self Diagnosis

Picture Test
Суретке қатысты ақаулық орын алды деп шешсеңіз, суретке қатысты мына сынақты

өткізіңіз. Ақаулықтың әлі бар-жоғын тексеру үшін бейнебеттің түс үлгісін тексеріп көріңіз.

Yes: Егер сынақ үлгісі пайда болмаса не сынақ үлгісінде бөгеуіл пайда болса, Yes

түймешігін басыңыз. Ақаулық теледидарға қатысты болуы мүмкін. Көмек алу үшін

Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

No: Сынақ үлгісі дұрыс көрсетілсе, No таңдаңыз. Ақаулықтың себебі сыртқы

құрылғыда болуы мүмкін. Қосылымдарды тексеріп көріңіз. Ақаулық орын алғанын

тоқтатпаса, сыртқы құрылғының пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.

Sound Test
Дыбысқа қатысты ақаулық орын алды деп шешсеңіз, дыбысты тексеруге арналған

сынақты өткізіңіз. Дыбысты кіріктірілген әуенді теледидар арқылы естіп тексеруге болады. Бейнебетте ‘Дыбыс сынағын

өткізсеңіз де, ақаулық әлі орын алып тұр ма?’жазуы пайда болады.

Егер теледидар үндеткіштерінен еш дыбыс естілмесе, дыбыс сынағын өткізбей тұрып, Дыбыс мәзірінде

Speaker Select

параметрінің

TV speaker режиміне қойылғанын тексеріп алыңыз.

Сынақ барысында

Speaker Select параметрі External Speaker режиміне қойылса да немесе дыбыс MUTE түймешігі

арқылы өшіріліп тұрса да әуен естіледі.

Yes: Сынақ барысында тек бір үндеткіштен ғана дыбыс шықса, не мүлдем шықпаса Yes таңдаңыз. Ақаулық

теледидарға қатысты болуы мүмкін. Көмек алу үшін Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

No: Үндеткіштен дыбыс шыққанын естісеңіз, No таңдаңыз. Ақаулықтың себебі сыртқы құрылғыда болуы мүмкін.

Қосылымдарды тексеріп көріңіз. Ақаулық орын алғанын тоқтатпаса, сыртқы құрылғының пайдаланушы нұсқаулығын

қараңыз.

Signal Information (тек сандық арналар үшін)
Сигналды кейде ‘қар жауғандай бұлыңғыр’, кейде анық қабылдайтын аналогтық арналарға қарағанда, сандық (HDTV)

арналар сигналды тамаша қабылдайды не мүлдем қабылдамайды. Сондықтан да, аналогтық арналардағыдай емес,

сандық арнаның күйін келтіре алмайсыз. Дегенмен, қолданыстағы сандық арналарды қабылдауды жақсарта түсу үшін

антеннаны реттеуге болады.

Егер сигнал қуатын анықтағыш құрал сигналдың әлсіз екендігін көрсетсе, сигнал күшін антеннаны қолмен өзгерту

арқылы арттырыңыз. Сигнал күшті қабылданатын орынды тапқанша антенна күйін келтіруді жалғастыра беріңіз.

Software Upgrade

Теледидарды Сандық Теледидар технологиясының арқасында жаңартып отырыңыз,

сонда әдеттегі теледидар сигналдарымен қатар бағдарламалық жасақтама жаңартулары

да мезгіл-мезгіл беріліп отырады. Құрылғы бұл сигналдарды автоматты түрде анықтап,

оны бағдарламалық жасақтаманы жаңарту баннерінен көрсетеді. Бұл жаңартуларды

орнату функциясын таңдай аласыз.
BY USB
Бағдарламалық жаңартуды қамтитын USB драйверін теледидарға салыңыз. Жаңартулар

орындалып жатқан кезде, USB дискісін алуға және қорек көзінен ажыратуға болмайды.

Бағдарлама жаңартуы аяқталған соң теледидар өздігінен ажырап, қосылады. Жаңарту үрдісі аяқталғаннан кейін

бағдарламаның қандай нұсқасы орнатылғанын тексеріңіз. Бағдарлама жаңартылғаннан кейін сіз орнатқан бейне және

дыбыс параметрлері өздерінің әдепкі (зауыттық) параметрлеріне қайта оралады.

Жаңартудан кейін параметрлерді оңай қалпына келтіру үшін өзіңіз орнатқан параметрлерді жазып қоюды ұсынамыз.
BY Channel
Бағдарламаны хабар тарататын сигнал арқылы жаңартады.
Standby Mode Upgrade
Негізгі желі қосулы тұрған кезде, бағдарламалық жасақтаманы жаңартуды жалғастыру үшін, ▲ немесе ▼ түймешігін басу

арқылы On қалпын таңдаңыз. Күту режиміне ауысқаннан кейін 45 минут өткенде, қолдан жаңарту үрдісі автоматты түрде

жүзеге асырылады. Теледидардың ішкі қорек көзі автоматты түрде қосылатындықтан, СКБ теледидарлардың бейнебеті

шала жанып тұрғандай әсер қалдырады. Бұл құбылыс бағдарламалық жасақтаманы жаңартудың соңына дейін 1 сағат

бойы жалғасуы мүмкін.
Alternative Software
Бағдарлама нұсқасына қатысты ақпаратты көрсету үшін.

HD Connection Guide

Бұл мәзір HD теледидары үшін ең тиімді қосылым түрін ұсынады.

Теледидарға сыртқы құрылғыларды жалғаған кезде осы ақпаратқа сүйеніңіз.

Contact Samsung

Теледидар дұрыс жұмыс істемеген кезде не бағдарламалық жасақтаманы жаңартқыңыз келген кезде осы ақпаратты қараңыз.

Қызмет көрсету орталығы, өнім туралы және бағдарламалық жасақтаманы желіден көшіріп алу тәсілдерін білу үшін де осы

ақпаратты қараңыз.

¦

N

N

N

Tеледидардың артқы панелі

USB драйвер

Self Diagnosis

Software Upgrade
HD Connection Guide
Contact Samsung

Support

BN68-01980H-00Kaz.indd 22

2009-03-25 �� 11:21:23

Advertising