Инструкция по эксплуатации Samsung LE22B450C4W

Страница 62

Advertising
background image

Сандық теледидарға (DVB-T) қатысты ескерім

1. САНДЫҚ ТЕЛЕДИДАРҒА (DVB) ҚАТЫСТЫ ФУНКЦИЯЛАР DVB-T (MPEG2 ЖӘНЕ MPEG4 AVC) САНДЫҚ ЖЕРҮСТІ

СИГНАЛДАРЫ ТАРАТЫЛАТЫН ЕЛДЕР МЕН АЙМАҚТАРДА ҒАНА ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ. DVB-T - сандық телевизия

сигналын жер үстімен тарату бойынша Еуропалық консорциум стандарты болып табылады. Жергілікті дилерден

аймағыңызда DVB-T қызметінің бар-жоғын сұрап білуді өтінеміз.

2. Бұл теледидар ағымдық [Тамыз айы, 2008 жыл] DVB-T стандарттарына сай болса да, оған бұдан кейін шығатын DVB-T

сандық сигналдарын жер үстімен таратуға сай келеді деген кепілдік берілмейді.

3. Кей елдер мен аймақтарда сандық теледидар функцияларының болмауы не дұрыс жұмыс жасамауы мүмкін.
4. Қосымша ақпаратты жергілікті SAMSUNG тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласып алыңыз.

Қимылсыз бейнені көрсеткен кездегі сақтық шаралары

Теледидардан қимылсыз бейнені көрсету оның экранын біржола бұзуы мүмкін.

СК бейнебеттен қимылсыз және жартылай қимылсыз бейнені 2 сағаттан артық көрсетпеңіз, себебі бұл бейнебетте

“бейненің қалып” қоюына әкеліп соғады. Бейненің бейнебетте бұлайша қалып қоюы “бейнебеттің жанып кетуі” деген

атпен де мәлім. Бейне осылайша қалып қоймас үшін, бейнебеттің жарықтылығы мен контраст деңгейін қимылсыз

суретті көрсетпей тұрып азайтыңыз.

СК бейнебеті бар теледидарды 4:3 пішімінде ұзақ уақыт қарау, бейнебеттегі жарық сәулелерінің әр

түрлілігіне байланысты орын алатын, бейнебеттің сол, оң жағы мен ортасында жиек іздерінің қалып

қоюына әкеліп соғуы мүмкін. Теледидарды DVD не видео-ойын құрылғысын қосу үшін пайдалану да

бейнебетке осылайша әсер етуі мүмкін. Жоғарыда айтылған себептер негізінде орын алған

ақаулықтар Кепілдік Шартына кірмейді.

Видео ойын құралы не компьютер арқылы бейнебетте қимылсыз суретті нақты бір мерзімнен артық уақыт көрсету,

кескіннің бейнебетте жартылай қалып қоюына әкелуі мүмкін. Бұндай жағдай орын алмас үшін қимылсыз бейнені

көрсетер кезде ‘жарықтылық’ пен ‘контраст’ деңгейлерін азайтыңыз.

© 2009 Samsung Electronics Co., Ltd. Барлық құқықтары сақталған.

BN68-01980H-00Kaz.indd 1

2009-03-25 �� 11:21:17

Advertising