Пештің үсті - күтіп ұстау жəне тазалау, Тұмшапеш- күнделікті пайдалану – Инструкция по эксплуатации Zanussi ZCV561ML

Страница 9

Advertising
background image

Пештің үсті - Күтіп ұстау жəне тазалау

Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы мағлұматтар" тарауын

қараңыз.

Құрылғыны əр пайдаланып болған сайын
тазалап отырыңыз.
Əрқашан табаны таза ыдыстарды
қолданыңыз.

Шыны керамикаға түскен сызаттар
немесе қошқыл дақтар құрылғының

жұмысына ешқандай əсер етпейді.

Қоқысты тазалау үшін:
1. – Дереу тазалаңыз:балқыған

пластик, пластик фольга, қант
қосылған тағам. Дереу
тазаламасаңыз, құрылғыны бүлдіріп
алуыңыз мүмкін. Шыныға арналған

арнайы қырғышты қолданыңыз.
Қырғышты шыны бетке сүйір бұрыш
жасап қойып, жылжыту арқылы
тазалаңыз.

Құрылғы жеткілікті түрде

суығаннан кейін келесіні
алыңыз:
əк жолақтары, су дақтары,
май дақтары жəне металл дақтары.
Шыны керамикаға немесе
тоттанбайтын болатқа арналған
арнайы тазартқыш құралдарды
қолданыңыз.

2. Құрылғыны дымқыл шүберекпен,

шамалы жуғыш зат қосып тазалаңыз.

3. Соңында, құрылғыны таза

шүберекпен əбден құрғатыңыз.

Тұмшапеш- Күнделікті пайдалану

Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы мағлұматтар" тарауын

қараңыз.

Құрылғыны іске қосу жəне сөндіру

1. Тұмшапеш функцияларын басқару

тетігін тұмшапеш функциясына
бұраңыз.

2. Температураны басқару түймешігін

температураға бұраңыз.
Температура индикаторы жанады да,
құрылғының ішіндегі температура
артады.

3. Құрылғыны сөндіру үшін тұмшапеш

функцияларының тетігін бұраңыз да,
температура басқару тетігін Off
қалпына қойыңыз.

Қауіпсіздік терморелесі

Бұл пеш(дұрыс пайдаланбау не
элементтерінің бірінің ақаулығына
байланысты)шамадан тыс қызып кету
тəрізді қатерлі жағдайдың алдын алу үшін
қуатты үзіп тастайтын қауіпсіздік
терморелесімен жабдықталған.
Температурасы төмендеген кезде пеш
автоматты түрде қайта қосылады.

Тұмшапеш функциялары

Пеш функциялары

Қолданыс аясы

Off (сөндірулі) қалпы

Құрылғы сөндірулі.

Дəстүрлі пісіру

Тұмшапештің бір деңгейінде пісіру жəне қуыру
үшін. Үстіңгі жəне астыңғы қыздыру элементтері
бір уақытта жұмыс істейді.

9

Advertising