Инструкция по эксплуатации Zanussi ZCV561ML

Страница 5

Advertising
background image

• Құрылғыны əрқашан таза ұстаңыз.

Жиналып қалған май не тағам
қалдықтары өрт қатерін тудыруы мүмкін.

• Құрылғыны үнемі тазалап отырса, оның

беткі қабаты бүлінбейді.

• Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету жəне

мүлікке зиян келтірмеу үшін құрылғыны
тек сабынды сумен жуыңыз. Тұтанғыш
заттарды немесе тот басуына себеп
болатын заттарды қолданбаңыз.

• Құрылғыны бумен тазалайтын, жоғары

қысыммен тазалайтын құралдармен,
өткір, түрпілі тазартқыш заттармен,
түрпілі жөкелермен жəне дақ
кетіргіштермен тазаламаңыз

• Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз, оны

өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.
Қыздырғыш элементтері мен термостат
сенсорына (қолданылатын болса) ешбір
зат бүрікпеңіз.

• Шыны есікті жеміргіш заттармен немесе

металл қырғышпен тазаламаңыз. Ішкі
шыны панельдің қызуға төзімді беті
сынуы немесе шытынауы мүмкін.

• Есіктің шыны панельдеріне нұқсан

келсе, босап, сынып қалуы мүмкін.
Оларды міндетті түрде ауыстыру керек.
Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.

• Құрылғының есігін алған кезде абай

болыңыз. Есіктің салмағы ауыр.

• Осы құрылғыда тек тұрмыстық

құрылғыларда пайдалануға арналған
арнайы шамдар ғана қолданылған.

Оларды бөлмені жартылай немесе
толықтай жарықтандыру үшін қолдануға
болмайды.

• Егер шамды ауыстыру қажет болса,

қуаты дəл осындай, тұрмыстық
құрылғыларға арналған шамды ғана
қолданыңыз.

• Тұмшапештің шамын ауыстырар

алдында құрылғыны электр желісінен
ағытыңыз. Электр тоғына түсу қаупі бар.
Құрылғы суығанша күтіңіз. Күйіп қалу
қаупі бар.

Қызмет көрсету орталығы

• Тек уəкілетті техниктің ғана құрылғыны

жөндеуіне немесе оған қатысты
жұмысты орындауына болады. Уəкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.

• Тек фирмалық қосалқы бөлшектерді

ғана қолданыңыз.

Құрылғыны тастау

• Адам жарақаттанып немесе мүлікке зиян

келмес үшін:
– Құрылғыны электр желісінен

ажыратыңыз.

– Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа

тастаңыз.

– Есіктің бекітпесін ағытып алыңыз. Бұл

кішкентай балалардың немесе үй
жануарларының құрылғының ішіне
кіріп, қамалып қалуына жол бермейді.
Тұншығып қалу қаупі бар.

5

Advertising