Инструкция по эксплуатации Zanussi ZCV561ML

Страница 3

Advertising
background image

талаптарды (қауіпсіздік ережелері, қайта
пайдалану ережелері, электр немесе газ
қауіпсіздігі ережелері т.с.с.) толық
орындаңыз.

• Құрылғыны жылжытқан кезде абай

болыңыз. Бұл құрылғының салмағы
ауыр. Əрқашан қорғаныс қолғабын
киіңіз. Құрылғыны тұтқасынан
тартпаңыз.

• Құрылғыны орнату барысында оның қуат

көзінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз
(егер қажет болса).

• Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың,

заттардың арасындағы минимум
арақашықтықты сақтаңыз.

• Құрылғыны тағанға қоймаңыз.

Электртоғына қосу

• Құрылғыны тек білікті электрші орнатып,

электр желісіне қосуға тиіс. Уəкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Бұл құрылғының
бөлшектерінің бүлінуіне немесе
адамның жарақаттануына жол бермейді.

• Құрылғыны міндетті түрде жерге қосу

қажет.

• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы

электр параметрлерінің электр
желісіндегі параметрлерге сай
келетініне көз жеткізіңіз.

• Кернеу туралы ақпарат техникалық

ақпарат тақтайшасында көрсетілген.

• Сізде дұрыс оқшаулағыш құралдар

болуға тиіс: желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан
қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.

• Электрлік қондырғыда оқшаулағыш

құрылғы болуға тиіс, ол құрылғыны
барлық магниттік полюстерде желіден
ажыратуға мүмкіндік береді.
Оқшаулағыш құрылғының ені кем
дегенде 3 мм түйіспе саңылауы болуға
тиіс.

• Тоқ соғуынан қорғайтын бөліктер

құралсыз ажыратуға болмайтында етіп
орнатылуға тиіс.

• Əрқашан дұрыс орнатылған, электр

қатерінен сақтандырылған розетканы
қолданыңыз.

• Электр құрылғыларын розеткаларға

қосқан кезде, қорек сымдарын
құрылғының ыстық есігіне тигізбеңіз
немесе жақындатпаңыз.

• Көп істікшелі ашаларды,

жалғастырғыштар мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз. Өрт шығу қаупі
бар.

• Құрылғының арт жағындағы электр

ашасы (егер қолданылса) мен қорек
сымының жаншылып немесе бүлініп
қалмағанына көз жеткізіңіз.

• Орнатып болғаннан кейін электр

розеткасының қол жететін жерде
тұрғанына көз жеткізіңіз.

• Құрылғыны ажырату үшін қуат сымынан

тартпаңыз. Əрқашан ашасынан (егер
болса) тартып ажыратыңыз.

• Қорек сымын ауыстырмаңыз немесе

өзгертпеңіз. Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.

Пайдалану

• Құрылғыны тек үйде тамақ пісіру үшін

ғана пайдаланыңыз. Құрылғыны
коммерциялық немесе өндірістік
мақсатта қолданбаңыз. Бұл адам
жарақаттанып немесе мүлікке зиян
келмес үшін қажет.

• Жұмыс барысында құрылғыны үнемі

қадағалап отырыңыз.

• Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін,

əрқашан құрылғыдан алыс тұрып
ашыңыз. Ыстық бу шығуы мүмкін. Күйіп
қалу қаупі бар.

• Бұл құрылғыны суға тиіп тұрса

пайдаланбаңыз. Құрылғыны су қолмен
іске пайдаланбаңыз.

• Құрылғыны жұмыс орны немесе зат

сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.

3

Advertising