Инструкция по эксплуатации Zanussi ZCV561ML

Страница 4

Advertising
background image

• Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда, пісіру

алаңы ысып кетеді. Күйіп қалу қаупі бар.
Пісіру алаңына темір заттарды, мысалы
ас құралдары мен кəстрөл қақпақтарын
қоймаңыз, себебі олар қызып кетеді.

• Құрылғыны пайдаланған кезде оның іші

ысып кетеді. Күйіп қалу қаупі бар. Керек-
жарақтары мен кəстрөлдерді алып-
салған кезде қолғап киіңіз.

• Құрылғы мен оның қол жететін жердегі

бөлшектері қолдану барысында ысып
тұрады. Қыздырғыш элементтерге
қолыңыз тиіп кетпес үшін абай болыңыз.
Жас балаларды үнемі қадағалап
отырмасаңыз құрылғыдан алыс ұстау
керек.

• Есікті абайлап ашыңыз. Алкоголь

қосылған қоспаларды қолданғанда, ауа
мен алкоголь қоспасы пайда болуы
мүмкін. Өрт шығу қаупі бар.

• Есікті ашқан кезде жарқыл немесе ашық

отты құрылғыға жақындатпаңыз.

• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне

тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды жəне/немесе балқығыш
заттарды (пластмасса немесе
алюминийден жасалған) заттарды
құрылғының қасына немесе үстіне, ішіне
қоймаңыз. Жарылыс немесе өрт шығу
қаупі бар.

• Пісіру алаңын қолданып болғаннан кейін

əрқашан "off" (сөндіру) қалпына
қойыңыз.

• Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып

немесе мүлде ыдыссыз пайдаланбаңыз.

• Ыдыстың ішіндегісі сарқылғанша

қайнатпаңыз. Бұл ыдысқа жəне пештің
үстіне нұқсан келтіруі мүмкін.

• Пештің үстіне зат немесе ыдыс-аяқ

құласа, оны бүлдіруі мүмкін.

• Ыстық ыдысты басқару панеліне жақын

қоймаңыз, себебі қызудың əсерінен
құрылғы бүлінуі мүмкін.

• Құрылғының эмаль қаптамасын бүлдіріп

алмас үшін, керек-жарақтарды алып-
салғанда абай болыңыз.

• Шойыннан, құйма алюминийден

жасалған не түбіне бүлінген ыдысты əрі-
бері сырғытсаңыз, пештің үстіне сызат
түсуі мүмкін.

• Құрылғының эмаль қаптамасының

түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына əсер
етпейді.

• Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп

немесе өңі кетпес үшін:
– құрылғының табанына ешбір затты

тура қоймаңыз жəне оны алюминий
фольгамен жаппаңыз;

– құрылғының ішіне ыстық суды тура

қоймаңыз;

– тамақ пісіріп болғаннан кейін дымқыл

ыдыс пен тағамды құрылғының ішінде
ұстамаңыз.

• Ашық тұрған құрылғы есігіне күш

салмаңыз.

• Тұмшапештің астыңғы бөлігіне тұтанғыш

заттарды қоймаңыз. Онда тек қызуға
төзімді заттарды (егер болса) ғана
қойыңыз.

• Тұмшапештің бу шығатын

саңылауларын жаппаңыз. Олар
тұмшапештің артқы жағының үстін ала
орналасқан (егер бар болса).

• Еріп кетуі мүмкін нəрсені пештің үстіне

қоймаңыз.

• Бетіне сызат түскенін байқасаңыз, дереу

тоқтан ажыратыңыз. Электр тоғына түсу
қаупі бар.

• Қызу өткізгіш материалдарды (мысалы,

жұқа темір тор немесе металл
жалатылған қызу өткізгіштер) ыдыстың
астына қоймаңыз. Аса көп қызу
шағылысынан, пештің шыны бетіне
нұқсан келуі мүмкін.

• Құрылғыны сыртқы таймердің көмегімен

немесе бөлек қашықтан басқару
жүйесімен басқармаңыз.

Күту менен тазалау

• Жуып-тазалардың алдында құрылғының

суық екеніне көз жеткізіңіз. Күйіп қалу
қаупі бар. Шыны панелі сынып қалуы
мүмкін.

4

Advertising