Не істерсіңіз, егер – Инструкция по эксплуатации Zanussi ZOB483

Страница 18

Advertising
background image

1

2

7

Шыны панельді

еппен көтеріп (1-ші
қадам) орнынан (2-
ші қадам) алыңыз.

Шыны панельді сабын сумен жуыңыз.
Шыны панельді жақсылап құрғатыңыз.

Есік пен шыны панельді орнату
Жиегі безендірілген панельді орнатқан
кезде, безендірілген жағы есіктің ішкі
жағына қарап тұрғанына көз жеткізіңіз.
Орнатып болғаннан кейін, шыны панельдің
жақтауының беткі жағы қолмен ұстағанда
бұдыр болмауға тиіс.
Ішкі шыны панельді орнына дұрыс
қойғаныңызды тексеріңіз (суретке
қараңыз).

Тот баспайтын болаттан не
алюминийден жасалған

құрылғылар:

Пештің есігін тек дымқыл жөкемен ғана
тазалаңыз. Оны жұмсақ шүберекпен
құрғатыңыз.
Темір жүн жөке, қышқыл не тазалағыш
құралдарды ешқашан пайдаланбаңыз,
себебі олар пештің бетін бүлдіреді. Пештің
басқару панелін де осы сақтық шараларын
қолдана отырып тазалаңыз

Тұмшапештің шамы

Назарыңызда болсын! Абай
болыңыз! Электр тоғына түсу қаупі

бар!

Тұмшапештің шамын ауыстырар
алдында:
• Тұмшапешті сөндіріңіз.
• Сақтандырғыш қорабындағы

сақтандырғыштарды алыңыз немесе
айырып-қосқышты ажыратыңыз.

Тұмшапештің шамы мен шыны
қақпағын қорғау үшін тұмшапештің

табанына шүберек төсеңіз.

1. Шыны қақпақты алу үшін оны сағат

тілінің бағытына қарсы бұраңыз.

2. Шыны қақпақты тазалаңыз.
3. Тұмшапеш шамын 300°C қызуға

төзімді, параметрлері дəл келетін
тұмшапеш шамымен ауыстырыңыз.
Тұмшапештің шамындай шамды
қолданыңыз.

4. Шыны қақпақты орнатыңыз.

Не істерсіңіз, егер...

Ақаулық

Ықтимал себебі

Шешімі

Тұмшапеш қызбай тұр

Тұмшапеш тоққа
қосылмаған

Тұмшапешті тоққа қосыңыз

Тұмшапеш қызбай тұр

Сағат орнатылмаған

Сағатты орнатыңыз

18

Advertising