Бірінші қолданғанға дейін, Əркүндік қолдану – Инструкция по эксплуатации Zanussi ZOB131

Страница 6

Advertising
background image

Пеш жабдықтары

Торкөз сөре

Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам
қуыруға арналған.

Тегіс пісіру науасы

Торттар мен печеньелерге арналған.

Бірінші қолданғанға дейін

Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы ақпарат" тарауын қараңыз.

Алғашқы тазалау

• Құрылғы ішіндегі керек-жарақтардың

барлығын алыңыз.

• Құрылғыны алғаш рет пайдаланар

алдында тазалаңыз.

Өте маңызды! "Күтіп ұстау жəне тазалау"
тарауын қараңыз.

Алдын ала қыздыру

Бұл пештің ішкі қабырғаларындағы
қалдықтардың жанып кетуі үшін керек.
Керек-жарақтар əдеттегіден қаттырақ
қызуы мүмкін. Осы кезде иіс пен түтін
шығуы ықтимал. Бұл қалыпты жағдай.
Ауаның жеткілікті түрде айналуын
қамтамасыз етіңіз.

функциясын 1сағатқа қойыңыз.

Əркүндік қолдану

Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы ақпарат" тарауын қараңыз.

Құрылғыны іске қосу жəне сөндіру

1. Тұмшапеш функцияларын басқару

тетігін тұмшапеш функциясына
бұраңыз.

2. Температураны басқару түймешігін

температураға бұраңыз.

Температура индикаторы жанады да,
құрылғының ішіндегі температура
артады.

3. Құрылғыны сөндіру үшін тұмшапеш

функцияларының тетігін бұраңыз да,
температура басқару тетігін Off
қалпына қойыңыз.

Тұмшапеш функциялары

Тұмшапеш функциясы

Қолданылуы

OFF (сөндірулі)

қалпы

Құрылғы сөндірулі.

Дəстүрлі пісіру

Жоғарғы жəне төменгі элементтен бірдей қыздырады.

Тұмшапештің бір деңгейінде пісіру жəне қуыру үшін.

Үстіңгі

қыздырғыш

элемент

Қызу тек тұмшапештің үстіңгі жағынан келеді. Тағам пісіруді

аяқтау үшін қолданылады.

Астыңғы

қыздырғыш

элемент

Қызу тек тұмшапештің астыңғы жағынан келеді. Күртілдек,

əрі қыртысы қатты торттарды пісіру үшін.

6

Advertising