Қазақша – Инструкция по эксплуатации Vitek VT-3616 ST

Страница 17

Advertising
background image

17

ҚазаҚша

Шұжық толтыру

Тартылған етті дайындаңыз.

Еттартқыштың бастиегін (7) орнатылатын

орнына (5) орнатыңыз.

Шнекті (8) еттартқыштың бастиегіне (7)

орнатыңыз, шнекке (8) шұжық толтыруға

арналған қондырманы (19) орнатыңыз;

қондырманың (19) бұдыры еттартқыштың

бастиегіндегі (7) ойықтарға сәйкес келуін

бақылаңыз (9 сур.), содан кейін сомыны (11)

қатайтып тартыңыз (10 сур.)

Өнімдерге арналған астаушаны (1) орнатыңыз

(11 сур.).

Азық-түлікке арналған астаушаға (1) дайын

фаршты салыңыз.

Шұжықтарды әзірлеу үшін табиғи қабықты

пайдаланыңыз, оны жылы суы бар ыдысқа

алдын ала 10 минут бойы салып қою керек.

Жұмсарған қабықты қондырмаға (19) кигізіңіз де

қабықтың ұшындағы бауды күрмеп байлаңыз.

Желі ашасын электр розеткасына қосыңыз.

Ауыстырып-қосқышты (4) «ON» (іске қосылған)

күйіне белгілеп, еттартқышты іске қосыңыз.

Дайын тартылған етті жіберу үшін итергішті (6)

пайдаланыңыз (11 сур.), қабықтың толғанына

қарай қондырмадан (19) жылжытып отырыңыз,

қабық кепкен сайын сумен жібітіп отырыңыз.

Жұмыс істеп біткеннен кейін, ауыстырғышты

(4) «OFF» (сөндірілген) күйіне белгілеп,

еттартқышты сөндіріңіз және оны желіден

ажыратыңыз, және содан кейін ғана оны

бөлшектеуге кірісіңіз.

Еттартқыштың бастиегін шешіп алу үшін

бекіткіш батырманы (2) басыңыз, бастиекті (7)

сағат тілі бағытында бұрыңыз да, оны шешіп

алыңыз.

Сомыны (11) бұрап алыңыз және еттартқыш

бастиегін (7) бөлшектеңіз.

«Кеббе» қондырмасын пайдалану

Кеббе – қозы етінен, бидай ұнынан және

дәмдеуіштерден дайынадалатын дәстүрлі жақын

шығыс тағамы, олар қуыс түтіктердің негізін

толтыру үшін бірге туралады. Түтікшелер салмамен

толтырылады және фритюрде қуырылады.

Түтікшелерге арналған салмаларға тәжірибе

жасай отырып, әртүрлі деликатестер дайындауға

болады.

Қабыққа арналған негізді дайындаңыз.

Еттартқыштың бастиегін (7) орнатылатын

орнына (5) орнатыңыз.

Шнекті (8) еттартқыштың бастиегіне (7)

орнатыңыз, шнекке «кеббе» қондырмасын

(20) орнатыңыз; қондырманың (20) бұдыры

еттартқыштың бастиегіндегі ойықтарға сәйкес

келуін бақылаңыз (12 сур.), содан кейін сомыны

(11) қатайтып тартыңыз (13 сур.)

Азық-түлікке арналған астаушаны (1)

орнатыңыз.

Қабыққа арналған дайын негізді азық-түлікке

арналған астаушаға (1) салыңыз.

Желі ашасын электр розеткасына қосыңыз.

Ауыстырып-қосқышты (4) «ON» (іске қосылған)

күйіне белгілеп, еттартқышты іске қосыңыз.

Қабыққа арналған негізді беру үшін итергішті

(6) пайдаланыңыз (14 сур.).

Дайын түтіктерді қажетті ұзындықпен кесіңіз.

Жұмыс істеп біткеннен кейін, ауыстырып-

қосқышты (4) «OFF» (сөндірілген) күйіне

белгілеп, еттартқышты сөндіріңіз және оны

желіден ажыратыңыз, және содан кейін ғана

оны бөлшектеуге кірісіңіз.

Еттартқыштың бастиегін (7) шешіп алу үшін

бекіткіш батырманы (2) басыңыз, бастиекті (7)

сағат тілі бағытында бұрыңыз да, оны шешіп

алыңыз.

Сомыны (11) бұрап алыңыз және еттартқыш

бастиегін бөлшектеңіз.

РЕЦЕПТ

Салынды

Қой еті 100 г

Зәйтүн майы 1,5 ас қасық

Басты пияз (ұсақтап туралған) 1,5 ас қасық

Талғамға қарай дәмдеуіштер

Тұз

1

/

4

шай қасық

Ұн 1 ас қасық немесе 1/2 ас қасық

Қой етін еттартқыштан бір немесе екі рет өткізіп

ұсақтап алу керек.

Пиязды майда сарғайғанша қуырады, одан

кейін тартылған қой етін, барлық дәмдеуіштерді,

тұзды және ұнды қосады.

Қабығы

Майсыз ет 450 г

Ұн 150-200 г

Дәмдеуіштер 1 шай қасық (талғамға қарай)

Мускат жаңғағы 1 дана

Қызыл ұнтақталған бұрыш (талғамға қарай)

Бұрыш (талғамға қарай)

Етті еттартқыштан үш рет өткізеді, сонымен

бірге мускат жаңғағы да тартылады, одан

кейін барлық компоненттері араласты-

рылады.

Сыртқы қабықтағы көп мөлшердегі ет пен аз

мөлшердегі ұн ең жақсы консистенция мен

дайын өнімнің дәмін қамтамасыз етеді.

IM VT-3616.indd 17

01.08.2016 17:41:46

Advertising