Қазақша – Инструкция по эксплуатации Vitek VT-3616 ST

Страница 16

Advertising
background image

16

ҚазаҚша

Етті тарту барысында азық-түліктің кептелісі

пайда болуы мүмкін, пайда болған кептелісті

жою үшін шнекті кері айналдыру қызметін

«REV» пайдалану керек. Шнекті кері айналдыру

режимін (REV) ауыстырып-қосу үшін (4.a) «OFF»

батырмасын басып, еттартқышты өшіріңіз, одан

кейін (4.c) «REV» батырмасын басып, ұстап

тұрыңыз, шнек кері бағытта айналады.

Назар аударыңыз! Еттартқышты өшіру (4.a)

«OFF» батырмасын баспай, шнекті кері

айналдыру «REV» тәртіптемесіне ауысуға

тыйым салынады.

Құрылғының үздіксіз жұмыс істеу уақыты 10

минуттан аспауы керек.

10 минут үздіксіз жұмыс істегеннен кейін

еттартқышты өшіріп қойған жөн, ол 10-15 минут

бойы сууы керек, осыдан кейін оны қайтадан

пайдалануға болады.

Сіз жұмысты аяқтағаннан кейін, (4.a) «OFF»

батырмасын басып еттартқышты өшіріңіз, және

оны электр желісінен ажыратыңыз, тек осыдан

кейін ғана оны бөлшектеуге кірісіңіз.

АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ АЖЫРАТЫЛУ

ФУНКЦИЯСЫ

Еттартқыш электрмоторы қызып кеткенде

автоматты сөну қызметімен жабдықталған.

Электрмоторы қызып кеткен кезде автоматты

термосақтандырғыш іске қосылып, еттартқыш

сөніп қалады.

Бұл жағдайда желілік баудың ашасын электр

розеткасынан суырыңыз.

Еттартқышты қайта іске қосу үшін,

алдымен шамамен 50-60 минуттай (үй-жай

температурасы жоғары болған жағдайда

электрмотордың сууына одан да көп уақыт

қажет болуы мүмкін) уақыт сууына мүмкіндік

беріңіз.

Еттартқшты электр желісіне қосыңыз да жағып

көріңіз, егер еттартқыш қосылмаса, бұл жағдай

онда басқадай бұзылулар бар екенін білдіреді.

Бұл жағдайда еттартқышты жөндеу үшін

кепілдеме талонында көрсетілген байланысу

мекенжайлары бойынша авторланған (уәкілетті)

сервистік орталыққа және www.vitek.ru сайтына

жүгіну қажет.

ЕТТІ ӨҢДЕУ

1.

Еттартқыштың бастиегін (7) орнатылатын

орнына (5) салыңыз және оны сағат тіліне

қарсы бағытта бекітілгенше бұраңыз (1 сур).

2.

Шнекті (8) еттартқыш бастиегінің корпусына (7)

орнатыңыз (2 сур.).

3.

Шнекке (8) крест тәрізді пышақты (13)

орнатыңыз (3 сур.).

4.

Қажетті торды (9, 10 немесе 12) таңдап алыңыз

да оны тордағы бұдырға еттартқыш бастиегінің

корпусындағы (7) ойықтарды сәйкестендіріп,

сағат тілі бағты бойынша (4,5 сур.) бұрап,

сомыны қаттырақ тартып (11), пышақтың үстіне

орнатыңыз.

Назар аударыңыз!

Пышақты (13) кесетін жағымен тор (9, 10,

немесе 12) бағытына орнатыңыз. Егер

пышақ (13) дұрыс орнатылмаған болса, ол

тарту қызметін орындамайды.

Ұсақ саңылаулары бар торша (9) шикі, сонымен

қатар дайын етті, балықты және т.с.с.–ды

өңдеуге жарамды.

Аса ірі саңылаулары бар торлар (11, 12) шикі

етті, көкөністерді, кепкен жемістерді, ірімшікті,

балықты және т.б. тартуға қолайлы.

Ескерту:

Еттің толық жібігенін тексеріп алып,

артық майлар мен барлық сүйектерді

алып тастаңыз, етті текшелеп тураңыз

немесе астаушаның (1) саңылауына

еркін кіретіндей өлшеммен тілімдеп

тураңыз.

Жұмыс істеген кезде тек жеткізілім

жиынтығына

кіретін

итергішті

(6)

пайдаланыңыз; етті итеру үшін басқа

заттарды пайдалануға тыйым салынады,

ешбір жағдайда етті саусақпен итермеңіз.

5.

Еттартқыш бастиегінің корпусына (7) өнімдерге

арналған астаушаны (1) орнатыңыз.

6.

Желі бауының ашасын электр розеткасына

қосыңыз.

7.

Батырманы (4.b) «ON» басып, құрылғыны іске

қосыңыз.

8.

Жұмыс істеу уақытында жеткізілім жиынтығына

кіретін итергішті (6) пайдаланыңыз.

9.

Сіз жұмысты аяқтағаннан кейін, (4.a) «OFF»

батырмасын басып еттартқышты өшіріңіз, және

оны электр желісінен ажыратыңыз, және тек

осыдан кейін ғана еттартқышты бөлшектеуге

кірісуге болады.

10.

Еттартқыш бастиегін шешу үшін бекіткіш (2)

батырмасын басыңыз, еттартқыш бастиегін (7)

сағат тілі бойынша бұраңыз және оны шешіңіз

(6 сур.).

11.

Еттартқыш бастиегін бөлшектеу үшін сағат

тіліне қарсы бағатқа бұрып, сомыны (11)

бұрап алыңыз, орнатылған торды (9, 10

немесе 12), пышақты(13) және шнекті (8) алып

шығыңыз.

IM VT-3616.indd 16

01.08.2016 17:41:46

Advertising