Қазақша – Инструкция по эксплуатации Vitek VT-3616 ST

Страница 15

Advertising
background image

15

ҚазаҚша

Назар аударыңыз! Балаларға полиэтилен

пакеттерімен немесе орама плёнкасымен

ойнауға рұқсат етпеңіз.

Тұншығу қаупі!

Аспапты өз бетіңізбен жөндеуге тыйым

салынады.

Өздігіңізден

құрылғыны

бөлшектемеңіз, кез келген ақау шыққан

жағдайда, сондай-ақ құрылғы құлаған жағдайда

құрылғыны розеткадан алып тастаңыз да,

байланысу мекенжайлары бойынша кепілдеме

талонында көрсетілген кез келген авторланған

(уәкілетті) сервистік орталыққа, және

www.vitek.ru сайтына жүгініңіз.

Бүлінулерге жол бермеу үшін құрылғыны

зауыттық орауда тасымалдаңыз.

Балалардың және мүмкіндіктері шектеулі

адамдардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.

ҚҰРЫЛҒЫ

ТҰРМЫСТЫҚ

ЖАҒДАЙДА

ПАЙДАЛАНУҒА ҒАНА АРНАЛҒАН

ЕТ ТАРТҚЫШТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Шнекті кері айналдыру қызметі

«REV» (кері айналдыру) қызметі – өнімдерді

тарту кезінде пайда болған кептелістерді жоюға

арналған.

Азық-түлікке арналған астауша – азық-

түлікті өңдеу уақытында олардың ыңғайлы

орналасуын қамтамасыз етеді.

Әртүрлі өлшемді тесіктері бар екі тор –

өнімдерді әртүрлі дәрежеде ұсақтауға

арналған.

Көкөніс турағыш-қондырма, оның жиынтығына

кіретіндер: дранниктерге арналған үккіш,

майдалауыш және үккіш.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Электр желісіне қосар алдында құрылғы

сөндірулі екеніне көз жеткізіңіз.

Етті тартуды бастамай тұрып барлық

сүйектер мен артық майлар алынып

тасталғанын тексеріп алыңыз.

Өнімдерді қандайда бір басқа заттармен

немесе қолдың саусақтарымен итеруге

тыйым салынған, тек жеткізілім жиынтығына

кіретін итергішті (6) пайдаланыңыз.

Ешбір жағдайда еттартқыштың корпусын

суға

немесе

басқа

сұйықтықтарға

батырмаңыз.

Еттартқышта қатты талшықтары бар

өнімдерді (мысалы, зімбір немесе ақжелкек)

тартпаңыз.

Кептелістерді пайда болдырмас үшін етті

итеріп артық салмақ салмаңыз.

Егер небір қатты бөлшек шнек немесе

пышақ айналымының ақырындауына немесе

тоқтауына әкелсе, құрылғыны дереу

сөндіріңіз, және жұмысты жалғастырар

алдында, кептелісті алып тастаңыз, ол

үшін шнекті кері айналдыру (REV) қызметін

пайдаланыңыз.

ЕТТАРТҚЫШТЫ ДАЙЫНДАУ

Тасымалданғаннан кейін немесе құрылғы

төмен температурада сақталған жағдайда

оны бөлме температурасында үш сағаттан

кем емес уақыт ұстау қажет.

Еттартқышты қаптамасынан шығарыңыз және

барлық қаптамалық материалдарды алып

тастаңыз, корпусты ылғалды матамен сүртіңіз,

содан кейін құрғатып сүртіп алыңыз.

Барлық шешілмелі бөлшектерді бейтарап

жуғыш заты бар жылы сумен жуыңыз, шайыңыз

және құрастыру алдында құрғатыңыз.

Бірінші рет қосар алдында электр желісіндегі

кернеу құрылғының жұмыс кернеуіне сәйкес

келетініне көз жеткізіңіз.

ЕТ ТАРТҚЫШПЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ

НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ

Еттартқыш тек үй жағдайында ғана өнімдерді

өңдеуге тағайындалған.

Құрылғыны құрап, оны тегіс құрғақ бетке

орнатыңыз.

Корпусындағы желдеткіш саңылауларының

бөгеттелмегендігіне көз жеткізіңіз.

Желілік бау ашасын электр розеткасына

қосыңыз.

Еттратқыш бастиегінің (7) астына сәйкес

ыдысты қойыңыз.

Еттің толық жібігенін тексеріп алып, артық

майлар мен барлық сүйектерді алып тастаңыз,

етті текшелеп тураңыз немесе науаның (1)

саңылауына еркін кіретіндей өлшеммен

тілімдеп тураңыз.

Батырманы (4.b) «ON» басып, құрылғыны іске

қосыңыз.

Етті еттартқыштың бастиегі мойнына (7)

итергіштің (6) көмегімен асықпай итеріңіз.

Жұмыс кезінде тек жеткізу жиынтығына кіретін

итергішті (6) пайдаланыңыз.

Өнімдерді итеру үшін қандайда бір заттарды

пайдалануға тыйым салынады, ешбір жағдайда

етті саусақтарыңызбен итермеңіз.

Етті немесе басқа азық-түлікті итеру үшін аса

көп күш жұмсамаңыз.

IM VT-3616.indd 15

01.08.2016 17:41:46

Advertising