Қазақша – Инструкция по эксплуатации Vitek VT-3616 ST

Страница 14

Advertising
background image

14

ҚазаҚша

ЕТТАРТҚЫШ VT-3616 ST

Еттартқыш өнімдерді үй жағдайында өңдеу үшін

тағайындалған.

СИПАТТАМАСЫ

1.

Азық-түлікке арналған астауша

2.

Еттарқыш бастиегі бекіткішінің батырмасы

3.

Құрылғы корпусы

4.

Басқару батырмалары

4.a – Сөндіру батырмасы «OFF»

4.b – Қосу батырмасы «ON»

4.с – Шнекті кері айналдыру батырмасы «REV»

5.

Еттарқыш бастиегін орнату орны

6.

Итергіш

7.

Еттартқыш бастиегінің корпусы

8.

Шнек

9.

Ұсақтап тартуға арналған тор

10.

Орташа тартуға арналған тор

11.

Еттартқыш бастиегінің сомыны

12.

Ірілеп тартуға арналған тор

13.

Крест тәрізді пышақ

14.

Драниктерді дайындауға арналған үккіш

15.

Майдалауыш

16.

Үккіш-қондырма

17.

Көкөніс турағыш-қондырманың корпусы

18.

Көкөніс турағыш-қондырманың итергіші

19.

Шұжықтарды толтыруға арналған қондырма

20.

Кеббе қондырмасы

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Қосымша қорғану үшін қуат тізбегіне 30 мА-ден

аспайтын номиналды жұмыс істеу тоғы бар

қорғаушы сөндіргіш құрылғыны (ҚСҚ) орнатып

қойған жөн. ҚСҚ орнату үшін маман шақырыңыз.

САҚТАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ

Құрылғыны пайдалану алдында пайдалану

бойынша нұсқаулықты зейін қойып оқып шыңыңыз

және оны пайдалану мерзімі бойы сақтаңыз.

Құрылғыны дұрыс пайдаланбау оның сынуына

әкелуі, пайдаланушыға немесе оның мүлігіне зиян

келтіруі мүмкін.

Электрлік еттартқышпен жұмыс істеу барысында

өрттің шығу, электр тоғының соғу қаупін

төмендету және басқа да жарақаттар алудан

қорғау үшін төмендегі қауіпсіздік шараларын

сақтау қажет.

Бірінші рет қосар алдында электр желісіндегі

кернеу құрылғының жұмыс кернеуіне сәйкес

келетініне көз жеткізіңіз.

Жеткізілім жиынтығына кіретін қосымша

бөлшектерді ғана пайдаланыңыз.

Электр тоғымен зақымдануға жол бермеу үшін

құрылғыны, желілік бауды және желілік баудың

айыртетігін суға немесе басқа сұйықтықтарға

ЕШҚАШАН БАТЫРМАҢЫЗ.

Еттартқыш корпусын тазалау үшін сәл дымқыл

матаны пайдаланыңыз, содан кейін корпусты

құрғатып сүртіңіз.

Ешқашан жұмыс істеп тұрған еттартқышты

қараусыз қалдырмаңыз.

Еттартқышты құрау, бөлшектеу, сондай-ақ

тазалау алдында оны өшіріп, желілік шнур

ашасын розеткасынан суыру қажет.

Құрылғыны тегіс орнықты бетке жылу, ашық от,

ылғал көздерінен және тікелей күн сәулесінен

алшақ жерге орналастырыңыз.

Құрылғыны ыстық бетке немесе сондайдың

(мысалы, газ, электр плитасы немесе

қыздырылған тандыр немесе пісіретін бет)

қасына орналастыруға тыйым салынады.

Желілік бауды ұқыпты пайдаланыңыз, оның

көп рет бұралуына жол бермеңіз, желілік бауды

уақытылы түзетіп тұрыңыз.

Еттартқышты тасымалдайтын тұтқа ретінде

желілік бауды пайдалануға тыйым салынады.

Желілік баудың үстелден салбырап тұруын,

сондай-ақ жиһаздың өткір жиектері мен ыстық

беттерге тиюін болдырмаңыз.

Желілік баудың ашасын электр розеткасынан

ажыратқанда, баудың өзінен емес, ашасынан

ұстаңыз.

Желілік бауды немесе желі бауының ашасын

су қолыңызбен ұстамаңз, қоспаңыз және

ажыратпаңыз, бұл электр тоғының соғуына

әкелуі мүмкін.

Осы құрылғы балалардың пайдалануына

арналмаған.

Балаларға құрылғымен ойыншық ретінде

ойнауына рұқсат етпеңіз және жұмыс істеп

тұрған кезде корпусты және желілік бауды

балалардың ұстауына жол бермеңіз.

Құрылғыны жұмыс істеп тұрған кезде және

жұмыс циклдарының арасындағы үзілісте

балалардың қолы жетпейтін жерлерге

орнатыңыз.

Дене, жүйке немесе сана мүмкіндіктері

төмендетілген тұлғалардың (балаларды

қоса) немесе оларда тәжірибесі немесе

білімі болмаса, егер олар бақыланбаса

немесе олардың қауіпсіздігі үшін жауап

беретін тұлғамен аспапты пайдалану туралы

нұсқаулықтар берілген болмаса, аспап олардың

пайдалануына арналмаған.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету

мақсатында қаптама ретінде пайдаланылатын

полиэтилен

қапшықтарды

қараусыз

қалдырмаңыз.

IM VT-3616.indd 14

01.08.2016 17:41:46

Advertising