Күту менен тазалау, 1 есіктің тығыздағышын тазалау, 2 сөре сырғытпалары – Инструкция по эксплуатации AEG BE5501472M

Страница 34

Advertising
background image

10. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ

Назарыңызда болсын!

Қауіпсіздік тарауларын

қараңыз.

• Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш

зат қосылған жылы суға батырылған

жұмсақ шүберекпен тазалаңыз.

• Металл беттерді тазалау үшін

кәдімгі жуғыш заттарды

пайдаланыңыз.

• Тұмшапешті пайдаланып болған

сайын ішкі жағын тазалаңыз.

Осылайша ластықты оңай

тазалайсыз, әрі күйіп кетуіне жол

бермейсіз.

• Оңай тазаланбайтын қалдықтарды

арнайы пеш тазалағыштармен

тазалаңыз.

• Тұмшапештің керек-жарақтарын

пайдаланып болған сайын

тазалаңыз және кептіріңіз.

Шүберекті, жылы су мен жуғыш

затты пайдаланыңыз.

• Тұмшапештің керек-жарағына

ластық тұрмайтын болса, жеміргіш

затпен, өткір қырлы құралмен

тазаламаңыз немесе ыдыс жуғыш

машинада жумаңыз. Себебі ластық

жабыспайтын қаптаманы бүлдіруі

мүмкін.

Болаттан немесе алюминийден

жасалған құрылғылар:

Тұмшапештің есігін дымқыл

жөкемен ғана тазалаңыз.

Жұмсақ шүберекпен

құрғатыңыз.

Жүн мақтаны, қышқылды

немесе жеміргіш

материалдарды

пайдаланбаңыз, себебі

тұмшапештің бетіне нұқсан

келіруі мүмкін. Тұмшапештің

басқару панелін де осындай

сақтық шараларды орындап

тазалаңыз.

10.1 Есіктің тығыздағышын

тазалау

• Есіктің тығыздағышын уақытылы

тексеріңіз. Есіктің тығыздағышы

тұмшапеш жақтауының

айналасында орналасқан. Есіктің

тығыздағышына нұқсан келсе,

құрылғыны пайдаланбаңыз. Қызмет

көрсету орталығына хабарласыңыз.

• Есіктің тығыздағышын тазалау үшін

тазалауға қатысты жалпылама

нұсқауларды қараңыз.

10.2 Сөре сырғытпалары

Қабырғаларды тазалау үшін сырғытпа

жолдарды алып қоюға болады.

34 www.aeg.com

Advertising