Инструкция по эксплуатации Samsung MG23F301TCW

Страница 99

Advertising
background image

15

ҚАЗАҚША

ПЕШТІҢ ДҰРЫС ЖҰМЫС ЖАСАП ТҰРҒАНЫН ТЕКСЕРУ

Келесі қарапайым әрекетті орындау арқылы пештің әрқашан дұрыс жұмыс жасап

тұрғанын тексере аласыз.

Пештің есігін оң жағындағы тұтқаны тартып ашыңыз. Бұрылмалы табаққа бір кесе су

қойыңыз. Содан кейін есікті жабыңыз.
1. Microwave (Микротолқын) ( ) түймешігін басыңыз.

Нәтижесі: 800 Вт (ең үлкен пісіру қуаты)

көрсетіледі

2. Тетікті бұрап 4-5 минут уақытқа қойып, Start/+30s

(Бастау/+30s) ( ) түймешігін басыңыз.

Нәтижесі: Пештің шамы жанады да, бұрылмалы

табақ айнала бастайды.

1) Тағам пісе бастайды және пісіп болғаннан кейін пештен 4 рет

сигнал естіледі.

2) Пісіру циклінің соңы сигналы 3 рет естіледі (минутына бір рет).

3) Ағымдық уақыт қайта көрсетіледі.

Пештің ашасы сәйкес келетін розеткаға жалғанып тұруға тиіс. Бұрылмалы табақ

пештің ішіндегі орнында тұруға тиіс. Ең үлкен мәннен басқа қуат мәні қолданылса,

суды қайнатуға көбірек уақыт кетуі мүмкін.

ПІСІРУ/ҚЫЗДЫРУ

Төменде тағамды қалай пісіруге немесе қыздыруға болатындығы туралы айтылған.

Пешті қараусыз қалдырардың алдында ӘРҚАШАН пісіру параметрлерін тексеріңіз.

Алдымен, тағамды бұрылмалы табақтың ортасына қойыңыз. Содан кейін есікті

жабыңыз.
1. Microwave (Микротолқын) ( ) түймешігін басыңыз.

Нәтижесі: 800 W (макс. пісіру қуаты) көрсетіледі:

Microwave (Микротолқын) ( )

түймешігін, бейнебетте тиісті қуат мәні көрсетілгенше қайта

басып таңдаңыз. Қуат мәні кестесін қараңыз.

2. Пісіру уақытын тетікті бұрап орнатыңыз.

Нәтижесі: Пісіру уақыты көрсетіледі.

3. Start/+30s (Бастау/+30s) ( ) түймешігін басыңыз.

Нәтижесі: Пештің шамы жанады да, бұрылмалы

табақ айнала бастайды.

1) Тағам пісе бастайды және пісіп болғаннан

кейін пештен 4 рет сигнал естіледі.

2) Пісіру циклінің соңы сигналы 3 рет естіледі (минутына бір рет).

3) Ағымдық уақыт қайта көрсетіледі.

Бос тұрған микротолқынды пешті ешқашан қоспаңыз.
Тағамды аз уақыт ішінде ең жоғарғы қуатқа (800 Вт) қойып қыздырғыңыз келсе,

+30s түймешігін пісіру уақытының әрбір 30 секунды үшін бір рет басыңыз. Пеш

дереу іске қосылады.

MG23F301TCW_BW_DE68-04178J-02_KZ.indd 15

2013-12-16 �� 6:03:56

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: