Жылдам кептіру, 31 жылдам кептіру, Бумен тазалау режимін сөндіргеннен кейін – Инструкция по эксплуатации Samsung NV70H5557LB
Страница 103
Казақ - 31
Бумен тазалау режимін сөндіргеннен кейін
КЕҢЕС
• Бумен тазалау үрдісі аяқталмай тұрып пешті ашар кезде абай болыңыз; пештің
табанындағы су ыстық.
• Пештің ішінде қалған суды ешқашан ұзақ уақыт, әсіресе түні бойы қалдырып
қоймаңыз.
• Пештің есігін ашыңыз да, қалған суды жөкеге сіңіріп алыңыз.
• Жуғыш затқа матырылған жөкені, жұмсақ шөткені немесе нейлон қырғышты
қолданып пештің ішін тазалаңыз. Қатып қалған қоқысты нейлон жөкемен
тазалаңыз.
• Әк қалдықтарын сірке суына матырылған шүберекпен тазалауға болады.
• Таза сумен тазалап, жұмсақ шүберекпен (пеш есігінің тығыздағышының астын
сүртуді ұмытпаңыз) құрғатыңыз.
• Егер пеш қатты ластанып кетсе, суығаннан кейін тазалау жұмысын қайта
қайталауға болады.
• Егер пеш, мысалы гриль жасау немесе қуыру режимдерінен кейін қатты
майланып кетсе, тазалау функциясын іске қоспай тұрып, жуғыш затты қатып
қалған қоқысқа сіңіре ысқылаңыз.
• Тазалап болғаннан кейін пештің ішкі эмаль қаптамасын әбден кептіру үшін, есікті
15° бойынша ашыңыз.
ЖЫЛДАМ КЕПТІРУ
1. Пештің есігін шамамен 30° келтіріп ашыңыз.
2. Желдеткіш режимін таңдау үшін Пісіру режимін таңдау түймешігін басыңыз.
3. Пісіру уақытын шамамен 5 минутқа, температураны 50 °C градусқа қойыңыз.
4. Осы әрекеттің соңында пешті сөндіріңіз.
06
Т
АЗА
ЛА
У ЖӘНЕ КҮТІМ КӨР
СЕТУ
Prezio Airv_NV70H5587BB_WT_DG68-00541A-01_KK.indd 31
2014-07-11 11:44:18