Қазақ – Инструкция по эксплуатации Vitek VT-4079 BK

Страница 55

Advertising
background image

ҚАЗАҚ

55

Бұл опция тыңдау кезінде дыбыс сапасын жақсартатын әр түрлі

эквалайзерлерді таңдауға мүмкіндік береді.

Rating Setup – рейтингті реттеу

Реттеу мәзірінде Rating (рейтинг) опциясын таңдаңыз. Экранда

рейтингтің қосымша мәзірі пайда болады.

Ескерту: бұл функцияны DVD дискілерінің барлығы қолдай бермейді.

Parental Control – ата-ана бақылауы

Бұл опцияны таңдау арқылы пайдаланушы кәмелетке толмаған

балалардың фильмдерді көруін бақылау функциясын реттей алады.

Parental Control (ата-ана бақылауы) тармағын таңдаңыз және ENTER

батырмасын басыңыз.

Ескерту: функцияны реттеуден бұрын құпия сөзді ашыңыз.

Set Password – құпия сөзді өзгерту

Сандары бар батырмалардың көмегімен төрт белгіден тұратын құпия

сөзді енгізіңіз және ENTER батырмасын басыңыз.

Ескерту: егер сіз құпия сөзді ұмытып қалсаңыз, жүйені ашу үшін

әмбебап құпия сөзін (6666) енгізіңіз.

Misc Setup – басқа реттеулер

Реттеу мәзірінде Misc (басқалары) тармағын таңдаңыз, дисплейде

мынадай қосымша мәзір пайда болады:

Use default Settings – әдепкі параметрлерді пайдалану.

Осы опцияның көмегімен барлық әдепкі параметрлердің мәндерін

қалпына келтіруге болады.

Кеңейтілген функциялар

Караоке, USB карталарын оқу

Деректерді «бір үштік» карталарынан оқу

Бұл плеерде карталардан деректерді оқуға арналған «бір үштік»

қосқышы бар. Оны MP3 музыкалық файлдарын, MPEG4 бейне

файлдарын немесе JPEG пішіміндегі суреттері бар файлдарды үш

түрлі карталардан ойнату үшін пайдалануға болады: MMC, SD, MS.

Барлық функциялар дискіні ойнату кезіндегі функциялармен бірдей.

USB интерфейсі

Бұл құрылғыда USB қосқышы бар. Егер дисководта дискі жоқ болса,

DVD ойнатқышына USB дискісін немесе MP3 плеерін қосып, арнайы

USB интерфейсі арқылы MP3 немесе JPEG файлдарын ойнатуға

болады. Барлық функциялар дискіні ойнату кезіндегі функциялармен

бірдей.

Егер дискі тоқтатылған болса, USB қосқышын пайдалану үшін

қашықтан басқару пультіндегі USB/CARD батырмасын басыңыз.

Бұл жүйе USB құрылғыларының барлық түрлерімен үйлесе бермейді.

Ескерту: USB қосқышын (ұяшығын) пайдаланғанда құрылғыны дұрыс

салыңыз, әйтпесе оның зақымдалуы мүмкін.

Караоке функциясы

1. Микрофонды қосу

Плеердің алдыңғы тақтасында орналасқан MIC ұяшығына

микрофонды салыңыз.

2. Іске қосу

А. Дисководқа DVD немесе VCD дискісін салыңыз.

Б. Осы опцияны таңдау үшін қашықтан басқару пультіндегі

KARAOKE (караоке) батырмасын басыңыз.

Ескерту: алты каналдық (5.1 CH) дыбысты дискіні ойнату кезінде, егер

сіз алты каналдық 5.1 СН дыбыс шығу құрылғысын пайдалансаңыз,

караоке функциясын ажырату қажет.

Ақауларды жою

Плеерді пайдалану кезінде сізде сұрақтар туындаса, төменде

берілген мүмкін болатын ақаулар тізімін қараңыз.

Кескін мен дыбыстың болмауы

Құрылғының желіге қосылғанын тексеріңіз.

Плеер қосылған розетканың дұрыстығын тексеріңіз.

Электр сымының дұрыстығын тексеріңіз.

Желілік электр сымының айырының розеткаға дұрыс салынғанын

тексеріңіз.

Кескін бар, бірақ дыбыс жоқ

Байланыстырғыш кабельдердің дыбыс қосқыштарға дұрыс

салынғанын тексеріңіз.

Дыбыс шығу мен шығу құрылғыларын қосатын кабельдің күйін

тексеріңіз.

VOL/CH батырмаларының көмегімен дыбыс деңгейін тексеріңіз.

Дыбыс шығу параметрлерінің дұрыстығын тексеріңіз.

Теледидарыңыздың AV (дыбыс-бейне) кіру құрылғысының дұрыс

таңдалғанын тексеріңіз.

Дыбыстың өшірілмегенін тексеріңіз.

Дыбыс бар, бірақ кескін жоқ

Байланыстырғыш кабельдердің бейне қосқыштарға дұрыс

салынғанын тексеріңіз.

Теледидарыңыздың AV (дыбыс-бейне) кіру құрылғысының дұрыс

таңдалғанын тексеріңіз.

Бейне қосқыштарды қосатын кабельді тексеріңіз.

Бейне шығу параметрлерінің дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.

Кескін анық емес немесе дыбыс бұзылған

Дыбыс шығу параметрлерінің дұрыстығын тексеріңіз.

Дискі тырналған немесе кірленген болуы мүмкін.

AV (дыбыс-бейне) қосқыштарында ақаудың жоқтығын тексеріңіз.

«Bad disk» (жарамсыз дискі) хабарының көрінуі

Дискінің деформациялануы немесе зақымдалуы мүмкін, тексеріңіз.

Дискі кірленген немесе зақымдалған болуы мүмкін, тексеріңіз.

Плеердің дискі пішімін қолдайтынына көз жеткізіңіз.

Ішінде бағдарлама бар дискіні іске қосуға тырысып жатпағаныңызға

көз жеткізіңіз. Егер ішінде бағдарлама бар дискі болса, плеерді

қайтадан іске қосыңыз.

4079.indd 55

18.08.2008 15:49:06

Advertising