Қазақ – Инструкция по эксплуатации Vitek VT-4079 BK

Страница 53

Advertising
background image

ҚАЗАҚ

53

Суреттері бар CD дискіні қарап шығу

Суреттері бар дискінің файлдық каталогының құрылымы төмендегі

суретте көрсетілген

Түбірлік каталогты таңдау үшін көрсеткілері бар батырмаларды

пайдаланыңыз, каталогқа кіру үшін ENTER батырмасын басыңыз.

Көрсеткілері бар батырмалардың көмегімен қажетті файлды таңдаңыз

және суретті көру үшін ENTER немесе PLAY батырмасын басыңыз.

Жоғары деңгейдегі каталогқа өту үшін курсорды

белгішесіне

апарыңыз және ENTER батырмасын басыңыз.

Суретті бұру

Суретті көру режимінде суретті бұру үшін көрсеткілері бар

батырмаларды пайдаланыңыз, сонан соң суретті ажырату

режимдерінің арасында ауысу үшін ANGLE (көру бұрышы)

батырмасын басыңыз.

Жүйені реттеу

DVD дискінің мәзірін реттеу

Қашықтан басқару пультіндегі SETUP (реттеу) батырмасын басыңыз.

Экранда жүйені реттеуге арналған негізгі мәзір көрінеді – SETUP

MENU (негізгі).

Негізгі мәзірге кіргеннен соң, қажетті тармақты белгілеу үшін жоғары

және төмен бағыттарды көрсететін батырмаларды пайдаланыңыз,

сонан соң оны таңдау үшін ENTER батырмасын басыңыз.

Мәзірдің бұдан бұрынғы деңгейіне оралу үшін сол жаққа бағытталған

көрсеткісі бар батырманы басыңыз.

Мәзірден шығу үшін SETUP батырмасын тағы бір рет басыңыз.

SETUP (реттеу) мәзірінің көмегімен төменде көрсетілген кез келген

реттеулерді қалауыңыз бойынша орындай аласыз.

Language Setup – тілді реттеу

Реттеу мәзірінде Language (тіл) тармағын таңдаңыз. Экранда

мынадай қосымша мәзір пайда болады:

OSD menu – экран мәзірінің тілі

Реттеу мәзірінің және жүйенің экрандық мәзірінің тілін таңдау үшін

осы опцияны пайдаланыңыз.

Subtitle - субтитрлар

Бұл опция субтитрлар тілін таңдауға мүмкіндік береді. Қосымша

мәліметтер алу үшін «DVD дискісінің мәзірін реттеу» тармағында

берілген нұсқауларды қараңыз.

Divx Subtitles – Divx субтитрлары

Бұл опция Divx субтитрларының кодын таңдауға арналған.

Audio - дыбыс

«DVD дискісінің мәзірін реттеу» тармағында берілген пайдалану

жөніндегі нұсқауларды орындаңыз.

Осы опцияның көмегімен дискі бағдарламасының бөлігі болып

табылатын көп тілді қолдау функциясын басқыруға болады.

DVD menu – DVD дискісінің мәзірі

Бұл опция дискі мәзірінің тіл параметрлерін реттеуге мүмкіндік береді.

«DVD дискісінің мәзірін реттеу» тармағында берілген пайдалану

жөніндегі нұсқауларды орындаңыз.

Video Setup – бейнені реттеу

Жүйені реттеу мәзірінде Video (бейне) тармағын таңдаңыз. Экранда

бейнені реттеуге арналған қосымша мәзір пайда болады.

Aspect Ratio – экран пішімі

4:3 PS/4:3 LB – егер сіздің DVD плееріңіз қарапайым теледидарға

(кең экранды емес) қосылған болса, осы параметрді таңдаңыз.

Мұндай жағдайда кескін экранды толық толтырып тұрады, кең

экранды кескіннің бір бөлігі экран өлшемінің кішілігінен сол және оң

жақтарда көрінбей қалады.

16:9 – егер сіздің DVD плееріңіз кең экранды теледидарға қосылған

болса, осы параметрді таңдаңыз. Егер экранның бұл пішімін плеер

қалыпты теледидарға қосылып тұрғанда таңдасаңыз, тігінен сығылу

себебінен кескін бұзылады.

4079.indd 53

18.08.2008 15:49:06

Advertising