Қазақ – Инструкция по эксплуатации Vitek VT-4079 BK

Страница 51

Advertising
background image

ҚАЗАҚ

51

Плеердің әр түрлі функцияларын пайдалану

Плеердің алдыңғы тақтасында орналасқан функционалдық

батырмалар

Плеердің алдыңғы тақтасында орналасқан клавишалардың

функциялары қашықтан басқару пультіндегі батырмалардың ұқсас

функцияларымен толық сәйкес келеді. Толығырақ мәлімет алу үшін

төменде берілген мәтінді қараңыз.

Қашықтан басқару пультінің функционалдық батырмалары

STANDBY (күту режимі)

Бұл батырма режимді ауыстыру үшін пайдаланылады: қалыпты,

жұмыс және күту режимдері.

OPEN/CLOSE (ашу/жабу)

Бұл батырма дисководты ашу немесе жабу үшін пайдаланылады.

Дисководты ашу үшін OPEN/CLOSE батырмасын бір рет басыңыз.

Дисководты жабу үшін OPEN/CLOSE батырмасын тағы бір рет

басыңыз.

SUBTITLE (субтитрлар)

Бұл батырманың көмегімен субтитрларды көрсету режимін қосуға

болады, сонымен қатар, қажетті тілдегі субтитрларды таңдауға

болады. Бұл функция ойнатылатын дискінің бағдарламасына

байланысты болады.

GOTO (өту)

DVD дискісін ойнату кезінде қажетті тақырыпты немесе тарауды

таңдау үшін, сонымен қатар тақырып немесе тарау ішіндегі ойнатудың

берілген уақыт кезеңіне өту үшін осы батырманы басыңыз.

Super VCD, VCD, CD дискілерін ойнату кезінде осы батырманың

көмегімен қажетті уақыт кезеңіне немесе трекке өтуге болады.

Ескерту: VCD дискісін ойнату кезінде PBC режимі ажыратылған (OFF)

күйде болуы тиіс.

0-9 сандары бар батырмалар

Сан көрсетілген батырмалар ойнату уақытын енгізу үшін немесе

тақырып, тарау немесе трек нөмірін енгізу үшін пайдаланылады.

Экранда дискі ішіндегі элементтердің қажетті түрі көрінгенде, сан

көрсетілген батырмаларды трек, тарау немес тақырып нөмірін енгізу

үшін пайдаланыңыз, сонан соң ENTER (енгізу) батырмасын басыңыз.

VCD дискісін ойнату кезінде (PBC режимі ажыратылған) 0-9 сандары

көрсетілген батырмаларды қажетті трек нөмірін тікелей енгізу үшін

пайдаланыңыз.

CLEAR (тазалау)

Бұл батырма басылғанда бұрын енгізілген барлық сандар жойылады.

MENU (мәзір)

DVD дискісін ойнату кезінде дискінің немесе ағымдағы тақырыптың

мәзіріне өту үшін MENU (мәзір) батырмасын басыңыз.

Ескерту: Бұл функцияның жұмыс істеу ерекшелігі ойнатылатын

дискінің бағдарламасына байланысты болады.

VCD/SVCD дискілерін ойнату кезінде MENU (мәзір) батырмасының

көмегімен PBC режимін қосуға немесе ажыратуға болады.

SETUP (реттеу)

Жүйені реттеу мәзіріне кіру үшін осы батырманы басыңыз. Мәзірден

шығу үшін осы батырманы тағы бір рет басыңыз.

DISPLAY (дисплей)

Бұл батырма басылғанда теледидар экранында ойнатылатын дискінің

параметрлері көрінеді.

TITLE (тақырып)

Қажетті тақырыпқа өту үшін осы батырманы басыңыз (бұл функция

дискінің бағдарламасына байланысты болады).

Көрсеткілері бар батырмалар (жоғары, төмен, оңға, солға)

Көрсеткілері бар батырмалар (басқаша айтқанда – навигациялық

батырмалар) мәзір тармақтары арасында курсорды жылжыту үшін

пайдаланылады.

ENTER (енгізу)

ENTER батырмасы мәзірдің белгіленген тармағына кіру үшін немесе

команданы енгізу үшін пайдаланылады.

REV (артқа)

DVD, CD немесе VCD дискісін ойнату кезінде артқа қарай

айналдыру режимін қосу үшін осы батырманы басыңыз. Плеер

дискіні кері бағытта қарап шығуды бастайды. Айналдыруды әр түрлі

жылдамдықпен орындауға болады. Ойнатудың қалыпты режиміне

оралу үшін PLAY/PAUSE (іске қосу/іркіліс) батырмасын басыңыз.

FWD (алға)

DVD, CD, VCD дискісін ойнату кезінде алға қарай айналдыру режимін

қосу үшін осы батырманы басыңыз. Плеер дискіні алға қарай қарап

шығуды бастайды. Айналдыруды әр түрлі жылдамдықпен орындауға

болады. Ойнатудың қалыпты режиміне оралу үшін PLAY/PAUSE (іске

қосу/іркіліс) батырмасын басыңыз.

PREW (осының алдындағы)

DVD, CD, VCD дискісін ойнату кезінде бұдан бұрынғы тарауға,

тақырыпқа немесе трекке өту үшін осы батырманы басыңыз.

NEXT (келесі)

DVD, CD, VCD дискісін ойнату кезінде келесі тарауға, тақырыпқа

немесе трекке өту үшін осы батырманы басыңыз.

STOP (тоқта)

Бұл батырманы бір рет басқанда дискіні ойнату тоқтайды, сонымен

бірге плеер тоқтаған жерді есінде сақтап қалады. Батырманы екі рет

басқанда ойнату толығымен тоқтатылады, және мұндай жағдайда

көру тоқтатылған жер туралы деректер сақталмайды.

PLAY (іске қосу)

Егер дискі тоқтатылған болса, немесе іркіліс кезінде, дискіні ойнату

үшін осы батырманы басыңыз.

Pause (іркіліс)

Дискіні ойнату кезінде іркіліс жасау үшін осы батырманы бір рет

басыңыз.

VOLUME+/- (дыбыс деңгейін көтеру/төмендету)

VOL(+) батырмасының көмегімен дыбыс деңгейін көтеруге болады, ал

VOL(-) батырмасы дыбыс деңгейін төмендетеді.

REPEAT (қайталау)

Бұл батырманы қайта басқан сайын дискінің ағымдағы элементін

қайталау режимі өзгереді .

CD, VCD дискісін ойнату кезінде қайталаудың үш режимі болуы

мүмкін: дискінің бір элементін қайталау (Single), барлық элементтерін

қайталау (ALL), қайталау ажыратылған (OFF).

DVD дискісін ойнату кезінде қайталаудың үш режимі болуы мүмкін:

тарауды қайталау (Chapter), тақырыпты қайталау (Title), қайталау

ажыратылған (OFF).

Ескерту: VCD дискісін ойнату кезінде PBC режимі ажыратылған болуы

тиіс.

A-B (фрагментті қайталау)

Ойнату кезінде бірінші рет қажетті фрагменттің басында А-В

батырмасын басыңыз, сонан соң екінші рет оны фрагменттің соңында

басыңыз. Осыдан кейін плеер көрсетілген фрагментті автоматты

түрде қайталайды. Қайталауды тоқтату үшін және фрагменттің

басы мен аяғының мәндерін жою үшін А-В батырмасын үшінші рет

басыңыз.

Ескерту: CD/VCD/SVCD дискілерін ойнату кезінде фрагменттің

бастапқы және соңғы нүктелерін тек қана бір трек ішінде таңдауға

болады.

DVD дискісін ойнату кезінде, фрагменттің бастапқы және соңғы

нүктелері бір тарау ішінде және әр түрлі тарауларда бола алады.

ANGLE (көру бұрышы)

Дискі ішіндегі элементтерді көру бұрышын таңдау үшін ANGLE

батырмасын пайдаланыңыз. Бұл мүмкіндіктің болуы немесе болмауы

дискі бағдарламасына және оның ішіндегі элементтерге байланысты

болады.

MUTE (дыбысты өшіру)

Дыбысты бүтіндей өшіру үшін MUTE батырмасын басыңыз. Дыбысты

қосу үшін батырманы тағы бір рет басыңыз.

SLOW (баяу көру)

DVD, VCD, SVCD дискісін ойнату кезінде баяу ойнату режиміне өту

үшін осы батырманы басыңыз. SLOW батырмасын басқан сайын

4079.indd 51

18.08.2008 15:49:06

Advertising