Қысқатолқынды пештің күтімі, Назар аударыңыз – Инструкция по эксплуатации haier 17PG33V-20B

Страница 69

Advertising
background image

29

Қысқатолқынды пештің күтімі

Тамақ түйірлері немесе төгілген сұйықтар пештің қабырғаларына

жабысып, тығыздағыш пен қақпақтың бетінің арасына түседі.

Бәрінен дұрысы – оларды ылғал майлықтың көмегімен бірден

алып тастау. Қатты кірлеген жағдайда жұмсақ тазартқыш

құралдарды пайдалануға болады. Күшті жуғыш құралдар немесе

абразивті препараттарды пайдалануға болмайды.
Айналмалы шыны табақты қолмен немесе ыдысжуғыш машинада

жууға болады.

Назар аударыңыз!

Құрылғының ішкі бөлшектерінің зақымдануынан аулақ болу

үшін, желдеткіш саңылауларының ішіне сұйық төгілуіне жол

бермеу керек.

Пештің қақпағы мен тығыздағыш беттерінің арасында қалған

тамақ түйірлері мен қалдықтарын ылғал майлықтың көмегімен

алып тастаңыз. Қақпақтың берік жабылуы үшін бұл жерлерді

ерекше мұқият тазалау қажет. Ішкі беттердегі май тамшыларын

сабын ерітіндісімен кетіріңіз, содан соң сабын қалдығын ылғал

майлықпен тазалап, құрғақ етіп сүртіңіз.

Басқару панеліне сұйық заттардың тиюіне жол бермеңіз. Басқару

панелін тазалағанда жұмсақ майлықты пайдаланыңыз, күшті

жуғыш құралдарды, абразивті материалдар немесе тазартқыш

аэрозольдарды қолданбаңыз. Басқару панелін тазалаған уақытта

пештің абайсызда қосылып кетуінен аулақ болу үшін қақпақ ашық

күйде болуы тиіс. Тазалап болғаннан кейін пешті бастапқы күйге

келтіру үшін, «Тоқтату/Болдырмау» түймешігін басыңыз.
Шусыз жұмысты қамтамасыз ету үшін пештің дөңгелекті

шығыршығы мен ішкі бетін үнемі тазартып тұрыңыз. Төменгі бетін

жуғыш құралмен, мысалы, ыдыс аяққа арналған сұйық сабынмен,

жай ғана сүртіңіз.
Сыртқы қабырғаларын жылы, сабынды суға малынған жұмсақ

майлықпен тазалаңыз. Сабынды жуып тастап, құрғатып сүртіңіз.
Қысқатолқынды пештің ішкі қабырғаларындағы шашырандылар

мен дақтарды жылы, сабынды суға малынған жұмсақ майлықпен

кетіріңіз, тазалап болған соң құрғатып сүртіңіз. Толқын арнасының

қақпағын ылғал майлықтың көмегімен мұқият тазартыңыз. Толқын

арнасының қақпағына тиетін май ас әзірлеу кезінде қақпақтың

күйіп кетуіне себепші болуы мүмкін. Қысқатолқынды пешті тазалау

барысында толқын арнасының қақпағын шешпеңіз.

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: