Жұмыс режимі, Жылдам әзірлеу, Попкорн – Инструкция по эксплуатации haier 17PG33V-20B

Страница 65: Назар аударыңыз

Advertising
background image

25

Жұмыс режимі

Жылдам әзірлеу

«Жылдам әзірлеу» қысқатолқынды қуат деңгейін немесе әзірлеу

уақытын белгілемей-ақ, ысытуға немесе автоматты режимде

әзірлеуге мүмкіндік береді.
«Жылдам әзірлеу» режимін пайдаланбас бұрын, Сізге қажетті

режимді дұрыс орнату үшін осы нұсқаулықтағы сипаттамамен

мұқият танысыңыз.
«Жылдам әзірлеуді» белгілеудің бірнеше деңгейі Сізге қандай

да бір тағамның бірнеше үлесін бір мезгілде даярлауға мүмкіндік

береді. Бұл функция «Попкорн», «Қақталған картофель»,

«Пицца», «Сусындар», «Мұздатылған кешкі ас», «Ысыту» сияқты

категориялар үшін қолжетімді.
Осы түймешіктердің бірін басқаннан кейін, дисплейде «ENTER

AMT» деген жазу көрінеді.
«Попкорн», «Қақталған картофель», «Пицца», «Сусындар»,

«Мұздатылған кешкі ас», «Ысыту» сияқты категориялардың кез

келгенінде шағын үлес әзірлеу үшін сәйкес түймешікті бір рет басу

қажет. Ірірек үлестер дайындау үшін сәйкес категория көрсетілген

түймешікті екі рет басу керек.

Попкорн

Күту немесе сағат режимінде «Попкорн» түймешігін басыңыз,

сонда қысқатолқынды пеш әзірлеу уақытын автоматты түрде

белгілейді.
Берілген бағдарламаның орындалуын бастау үшін, «Бастау/

Кідіріс» түймешігін басыңыз.

Назар аударыңыз!

Сіз попкорнды даярлау уақытын өз бетіңізбен өзгерте

аласыз.
«Попкорн» түймешігін екі рет басыңыз, дисплейде «ENTER TIME»

деген жазу шығады. «0»; «1»; - «9» түймешіктерін пайдаланып,

әзірлеудің қажетті уақытын (минуттар мен секундтарды)

белгілеңіз.
«Бастау/Кідіріс» түймешігін басыңыз. Бұдан әрі, әзірлеудің

жаңа уақыты «Попкорн» түймешігін әр басқан сайын, өзіңіз

өзгертпейінше, автоматты түрде белгіленіп отырады.

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: