Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар – Инструкция по эксплуатации haier 17PG33V-20B

Страница 48

Advertising
background image

8

Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар

Қысқатолқынды пеш кездейсоқ қосылған жағдайда есепке ала

отырып, асты не басқа да заттарды оның ішінде сақтамаңыз.
Пештің ішінде азық болмаса, қысқатолқынды режимді қоспаңыз,

бұл - құрылғының зақымдалуына апарып соғуы мүмкін.
Қысқатолқынды пешті қағаз, кір немесе басқа материалдарды

кептіруге пайдаланбаңыз. Бұл – жануға алып келуі мүмкін.
Қысқатолқынды пеште өрт шығуын болдырмас үшін, қағаз

және полиэтилен пакеттерді АЖЖ-ға салмас бұрын олардың

бұралған сымдарын (қысқыштарын) алып тастаңыз. Пеште май

немесе тоң май қыздырмаңыз, себебі олардың температурасын

қадағалау қиын. Толқын арнасын дымқыл матамен сүртіңіз, ал

май қалдықтарын құрғақ матамен сүртіңіз. Жиналып қалған май

күйіп, өрт тудыруы мүмкін. Пластиктен, қағаздан немесе басқа

материалдардан жасалған біржолғы контейнерлерді қолданғанда

әзірлеу процесін мұқият бақылап тұру қажет.
Ылғалдылығы төмен, аз мөлшердегі азықты ұзақ дайындағанда

олар құрғап, тіпті жанып кетуі де мүмкін. Егер азық жана бастаса,

пештің қақпағын ашпай өшіріңіз және желілік бауды розеткадан

суырыңыз.
Түтін шыға бастаған жағдайда «Тоқтату/Болдырмау» түймесін

басып, қақпағын ашпай, желілік бауды розеткадан суырыңыз және

үйдегі барлық электр қуатын өшіріңіз.
Қысқатолқынды режимде қабығы аршылмаған жұмыртқаны

қайнатуға немесе пісірілген жұмыртқаны жылытуға болмайды,

себебі олар ішкі қысымның артуынан жарылып кетеді.
Картоп, жұмыртқа сарыуызы немесе сосиска сияқты қабысы

кеуекті емес өнімдерді қысқатолқынды режимде әзірлегенде

оларды жарылып кетпес үшін алдын ала тесу ұсынылады.
Қысқатолқынды пеште сорпа, тұздық немесе сусын сияқты

сұйықтықтарды қыздырғанда, олар көпіршіксіз қайнауы мүмкін.

Нәтижесінде қайнаған сұйықтық ыдыс сыртына төгілуі мүмкін.

Бұндай жағдайды болдырмас үшін ернеуі жіңішке, тік ыдыстарды

қолданбаңыз және сұйықтықтың ысып кетуіне жол бермеңіз.

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: