Жұмыс режимі, Гриль/аралас, G» — «гриль» режимі – Инструкция по эксплуатации haier 17PG33V-20B

Страница 63: Назар аударыңыз, С1» — «аралас режим 1, С2» — «аралас режим 2

Advertising
background image

23

Жұмыс режимі

«Гриль/Аралас»

«Гриль/Аралас» түймешігін басқан сайын дисплейде «G»; «C1»;

«C2» режимдер белгілері циклді түрде көрсетіледі.

«G» — «гриль» режимі

Бұл режим барысында тек қыздырғыш элемент жұмыс істейді.

Осы режимді жұқа кесілген ет, сосискалар, тауық қанаттары

сырттарын сәл қабыршақтанған етіп дайындауға пайдалануға

болады.

Назар аударыңыз!

«Гриль» режимі жұмысының барысында грильге арналған

түпқойма мен әзірлеуге арналған контейнерлер қатты

қызуы мүмкін, сондықтан тағамды қысқатолқынды пештен

шығарғанда тұтқыштар немесе ыстыққа төзімді құралдар

қолданыңыз.
Гриль функциясын пайдаланғанда пластик заттарды

қолданбаңыз. Олар балқып кетуі мүмкін. Сондай-ақ, ағаш

және қағаздан жасалған ыдысдарды пайдалануға болмайды.

«С1» — «Аралас режим 1»

Бұл режим барысында қыздырғыш элемент қысқатолқынды

сәулеленумен кезек-кезек жұмыс істейді. «С1» режимін ірі

тағам әзірлеуде пайдалануға кеңес беріледі. Бұл режимді

пайдаланғанда тағамдар жақсы әзірленеді және сырттары сәл

қабыршақтанады.

«С2» — «Аралас режим 2»

Бұл режим барысында қыздырғыш элемент қысқатолқынды

сәулеленумен кезек-кезек жұмыс істейді, алайда «С1» аралас

режимінен айырмашылығы – қыздырғыш элемент ұзағырақ

уақыт жұмыс істейді. Осы режим тауық сирақтары, ет сияқты ірі

тағамдарды әзірлеуге жарайды. Тағамдар жақсы қыздырылады

және сырттары сәл қабыршақтанады.

Назар аударыңыз!

«Аралас» функциясын қолданар алдында Сіз қолданатын

ыдыстардың барлығы ыстыққа төзімді және қысқатолқынды

сәулеленуге берік екеніне көз жеткізіңіз.
«Аралас» режимінде ас әзірлегенде металдан жасалған

грильге арналған түпқойманы қолданбаңыз.

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: