Қысқатолқынды пеште ас әзірлеу жөніндегі кеңестер, Азықтарды орналастыру, Әзірлеу уақыты – Инструкция по эксплуатации haier 17PG33V-20B

Страница 67: Азықтарды даярлау алдында орау, Азықтарды ішінара қалқалау, Әзірлеу кезінде азықтарды араластыру, Әзірлеу кезінде азықтарды аударып-төңкеру

Advertising
background image

27

Қысқатолқынды пеште ас әзірлеу жөніндегі кеңестер

Азықтарды орналастыру

Қысқатолқындардың азық-түліктің сыртқы бөліктеріне әсері

жоғары болғандықтан, еттің, құстың немесе балықтың ірі

бөліктерін оларды даярлайтын ыдыстың шетіне жақын етіп

орналастыру дұрыс. Бұл жағдайда мейлінше ірі үлестер

қысқатолқын энергиясын көбірек алады да, пицца анағұрлым

біркелкі піседі.

Әзірлеу уақыты

Азықтарды даярлауды мейлінше қысқа уақыт аралығында

әзірлеуден бастаңыз және оны қажеттілік шамасына қарай

ұзартып отырыңыз, әйтпесе қатты қуырылып кетуі мүмкін.

Азықтарды даярлау алдында орау

Ыстыққа төзімді пленка немесе май өткізбейтін қағаз жылу мен

буды сақтайды, сонын есебінен азықтар жылдамырақ піседі. Орау

үшін ыстыққа төзімді, жабысып тұратын пленканы пайдаланыңыз,

пленканы бу қысымы жарып жібермес үшін, оның бұрыштарының

бірін көтеріңкіреңіз.
Май өткізбейтін қағаз шашырауды болдырмайды және тағамның

жылылығын сақтауына көмектеседі. Бірақ ол азықты ыстыққа

төзімді пленка сияқты тығыз орай алмайтындықтан, тағамның

аздап кебіңкіреуіне жол береді.

Азықтарды ішінара қалқалау

Тағамдардың бұрыштары мен жұқа жиектері күйіп кетпес үшін,

оларды қысқатолқындарға тосқауыл болатын қалайы фольга

кесінділерімен жабады. Еш уақытта фольганы тым үлкен

көлемде қолданбаңыз, фольганың тағамда берік ұсталынуы мен

қысқатолқынды пештің қабырғаларына тимеуін қамтамасыз етіңіз,

бұлай болмағанда электр доғасы туындауы мүмкін.

Әзірлеу кезінде азықтарды араластыру

Араластыру қысқатолқынды пеште тамақ әзірлеу кезіндегі

мейлінше маңызды тәсілдердің бірі болып табылады.

Қысқатолқындардың көмегімен ас әзірлеу кезінде тағам жылуды

тең тарату мақсатымен араластырылады. Асты шетінен ортасына

қарай араластырыңыз, себебі шеттері бірінші ысады.

Әзірлеу кезінде азықтарды аударып-төңкеру

Егер Сіз етті ірі кесек күйінде және балапанды тұтастай

даярлайтын болсаңыз, астыңғы және үстіңгі бөліктері біркелкі пісу

үшін, оларды аударып тұру қажет. Сондай-ақ балапан бөліктерін,

жаншылған ет және котлеттерді аударыстыру ұсынылады.

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: