Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар – Инструкция по эксплуатации haier 17PG33V-20B

Страница 46

Advertising
background image

6

Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар

Қысқатолқынды пешті пайдалану жөніндегі осы

нұсқаулармен мұқият танысыңыз және оларды келешектегі

қолданыс үшін сақтап қойыңыз.

Қысқатолқынды пешті орауын толығымен алып тастамай электр

желісіне қоспаңыз.

Қысқатолқынды пеш электр кернеуінің келесі жағдайында

жұмыс істеуі керек: 220-240В / 50 Гц. Жұмыс барысында

электр кернеуінің ауытқуының, электр құрамдастарының

зақымдалуының немесе бөтен шу туындауының нәтижесінде

қысқатолқынды пеш жұмысын тоқтатуы мүмкін. Бұндай

жағдайда автоматты кернеу реттегішін қосымша орнату

ұсынылады.

Айрықша қауіпсіздік шараларының сақталуын талап ететін

жөндеуді және қызмет көрсетуді тек білікті мамандар орындау

керек.

Розеткадан қуат сымын суырғанда желілік бауды емес,

штепсельдік ашаны ұстаңыз.

Қысқатолқынды пешті орнатқанда желілік баудың

қысқатолқынды пеш корпусымен немесе басқа заттармен

қысылып қалмағанына көз жеткізіңіз.

Қысқатолқынды пештің ақауы болып, ал қақпағы, қақпақ

нығыздатқышы, желілік бау немесе штепсельдік аша

зақымдалған жағдайда — қысқатолқынды пешті қолданбаңыз,

оны электр желісінен суырып, бөлшектерін ауыстыру үшін

қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Бұл қысқатолқынды пеш арнайы ас жылытуға және әзірлеуге

жасалған. Пешті ас әзірлеу мен жылытудан басқа ешбір

мақсатта пайдаланбаңыз.

Бұл қысқатолқынды пеш кәсіби емес, тұрмыстық пайдалану

үшін жасалған және мақсатынан тыс қолданылмауы тиіс.

Қысқатолқынды пешке техникалық қызмет көрсетілгенде немесе

тазалау барысында пешті желілік баудың ашасын розеткадан

суыру арқылы өшіріңіз.

Қысқатолқынды пешті электр желісіне қоспас бұрын, осы

тарауда көрсетілген ток кернеуі мен жиілігі үйіңіздің электр

желісінің параметрлеріне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: