Тоңазытқыш бөлім – Инструкция по эксплуатации haier HB21FNN

Страница 69

Advertising
background image

29

Тоңазытқыш бөлім

Тоңазытқыш бөлім азықтарды тек қысқамерзімді

сақтауға ғана пайдаланылады. Тоңазытқыш бөлімнің

температурасы 0° С - 10° С дейінгі аралықта өзгеріп

тұрады.
0° С температуралық зоналы жәшік температурасының

диапазоны -2° С +3° С құрайды.
Биіктігі реттелінетін сөрелер
Тоңазытқыш бөлімнің сөрелерінің биіктігін Сіздің

қажеттіліктеріңізге байланысты реттеуге болады. Биіктікті

реттеу үшін, тоңазытқыш бөлімнен сөрелерді аздап жоғары

және алға қарай көтере отырып, шығарып алыңыз. Бұдан

кейін сөрелерді қажетті биіктікке орнатыңыз.
Жемістер мен көкөністерге арналған, ылғалдылық деңгейін

реттеу мүмкіндіктері бар жәшік
Тоңазытқыш бөлім көкөністер мен жемістерді сақтауға

арналған екі жәшікпен жабдықталған. Сіз бұл жәшіктерде

қажетті сақтау ылғалдылығын белгілей аласыз. Қияр,

жүзім, киви, құрманы және т. б. сақтауға лайықты жоғары

ылғалдылықты белгілеу үшін, ылғалдылық реттегішін

(жәшіктің жоғарғы оң жақ бұрышында орналасқан) жоғары

қарай бұрыңыз.
Бүлдірген, апельсин, қызанақ, өрік, қарбыз және т. б.

сақтауға лайықты төмен ылғалдылықты белгілеу үшін,

ылғалдылық реттегішін төмен қарай бұрыңыз.

0° С температуралық зоналы жәшік
Тоңазытқыш балғын азықтарды абайлап сақтауға

арналғын жәшікпен жабдықталған. Бұл жәшіктегі

температураны жәшіктің жоғарғы бөлігінің ортасында

орналасқан ауа ағынын бақылау тұтқасының көмегімен -

2° С +3° С аралығында реттеуге болады. Суық ауа ағынын

күшейту үшін тұтқаны оңға, ал азайту үшін солға бұрыңыз.
Мұз дайындауға арналған автоматты құрылғы

Advertising