Жұмыс режимдері – Инструкция по эксплуатации haier HB21FNN

Страница 64

Advertising
background image

24

Жұмыс режимдері

Түймешіктерді бұғаттау режимін қосу/өшіру

Егер Сіз тоңазытқышыңыздың күйге келтіруді

өзгертуін бұғаттағыңыз келсе, бұғаттау функциясын

пайдалануыңызға болады.
Unlock режимінде (бұғаттау белсенді емес) Lock/Unlock

(суретте С деп белгіленген) түймешігін басу керек,

дисплейде Lock (суретте L деп белгіленген) белгісі пайда

болады да, функция белсендіріледі. Бұл функцияны өшіру

үшін Lock/Unlock (суретте С деп белгіленген) түймешігін

қайтадан басу керек. Lock (суретте L деп белгіленген)

белгісі жоғалады.

Сіздің тоңазытқышыңыздың жұмысының

автоматты немесе қарапайым режимін таңдау

Тоңазытқыш жұмысының екі режимінің біреуі таңдалуы

мүмкін:
Artificial Intellect автоматты режимі — бұл режим

ғимараттың ауыспалы температурасы жағдайларында

тоңазытқыштың ішіндегі ішкі температураны автоматты

түрде реттей отырып, тоңазытқыштың қалыпты жұмыс

істеуін қамтамасыз етеді.
“Artificial Intellect” сөзбе-сөз «жасанды интеллект»

ретінде аударылады, тоңазытқыштың осы жұмыс режимі

Сіздің ыңғайлылығыңыз үшін арнайы жасалған, Сізге

тоңазытқышыңыздың реттеулері туралы ойлаудың керегі

жоқ, осы режимді белсендірсеңіз жеткілікті.
FUZZY режимі температуралық баптаулардың қарапайым

баптауды талап етпей, сыртқы және ішкі температураның

өзгеруіне байланысты автоматты түрде алмасатынын

білдіреді.
Unlock режимінде (бұғаттау белсенді емес) Fuzzy (суретте

А деп белгіленген) түймешігін басу керек, дисплейде Fuzzy

(суретте І деп белгіленген) белгісі көрінеді және режим

белсендіріледі. Fuzzy режимін өшіру үшін, түймешікті

(суретте А деп белгіленген) қайта басыңыз.

Advertising