Жұмыс режимдері – Инструкция по эксплуатации haier HB21FNN

Страница 66

Advertising
background image

26

Жұмыс режимдері

Мұздатқыштың температурасын белгілеу үшін Unlock

режимінде мұздатқыш бөлімнің температурасын

бақылау түймешігін (суретте В деп белгіленген) басу

керек. Мұздатқыш бөлімнің температуралық дисплейі

(суретте G деп белгіленген) жанады. Мұздатқыш бөлімнің

температурасын бақылау түймешігін (суретте В деп

белгіленген) әр басқан сайын дисплей индикациясы

-16° С — -17° С — -18° С — -20° С — -22° С — -16° С

түрінде сәйкесінше өзгеріп отырады.

Жылдам мұздату режимін белгілеу

Азықтардағы құнарлы заттарды сақтау үшін, Сіз жылдам

мұздату функциясын пайдалана аласыз. Жылдам

мұздату азықтардағы құнарлы заттарды аз уақыт

ішіндегі толық мұздатудың арқасында сақтайды.Жылдам

мұздату функциясын пайдалану үшін Unlock режимінде

жылдам мұздату түймешігін (суретте F деп белгіленген)

басыңыз, дисплейде жылдам мұздату белгісі (суретте К

деп белгіленген) көрінеді және функция белсендіріледі.

Бұл функцияны өшіру үшін, жылдам мұздату түймешігін

(суретте F деп белгіленген) басыңыз, жылдам мұздату

белгісі өшеді.
Ескерту:
жылдам мұздату режимі FUZZY режимінде мүмкін емес.

Advertising