Инструкция по эксплуатации haier HB21FNN

Страница 68

Advertising
background image

28

Басқару панелінің функциялары және қолданылу мақсаттары

Тоңазытқышты қосу/өшіру функциясы

Lock режимінде тоңазытқышты өшіру үшін тоңазытқыштың

температурасын бақылау түймешігін (суретте Е

деп белгіленген) 3 секунд бойы басып тұру керек.

Тоңазытқыштың температуралық дисплейі (суретте Н деп

белгіленген) өшеді, ал тоңазытқыш бөлімнің жарықтандыру

лампасы жұмыс істей береді.Тоңазытқышты қайта

қосу үшін, оның температурасын бақылау түймешігін

(суретте Е деп белгіленген) 3 секунд бойы басып тұрыңыз.

Тоңазытқыштың температуралық дисплейі (суретте Н деп

белгіленген) жанады да, тоңазытқыш қайта жұмыс істейді.

Электр қорегіндегі үзіліс жағдайында

баптауларды сақтау функциясы

Тоңазытқыш Сіздің температуралық режимдерді

белгілеулеріңізді электр үзілісі болған жағдайда да жадта

сақтайды, электр қуаты берілгенде қайта қосудан соң

барлық орнатылған белгілеулерді қалпына келтіреді.
Ескерту:
Баптауларды сақтау функциясы Lock режимінде жұмыс

істемейді.

Тоңазытқыштың ақауларын бақылау

функциясы

Тоңазытқыштың бұл моделі нақты уақыт режимінде өзінің

функционалды бөліктерінің дұрыс жұмыс істеуін үнемі

бақылауды жүзеге асырады.
Температура сенсорларының кез келгенінде проблема

туындаған кезде температуралық дисплейлердің

индикаторлары сенсорлардың қайсысының ақауы бар

екендігіне байланысты E0, E1,F1, F2, F3, F4, F5 немесе F6

және с.с. қателер кодтарын көрсетеді. Бұл тоңазытқышты

өшіруге тура келтірмесе де, техникалық көмек сұрау

үшін авторизацияланған қызмет көрсету орталығына

хабарласыңыз.

Advertising