Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар – Инструкция по эксплуатации haier HB21FNN

Страница 48

Advertising
background image



Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар

Тоңазытқышта жеңіл тұтанатын, жарылу қаупі бар немесе

тотыққыш заттарды сақтауға тыйым салынады.
Тоңазытқышта дәрі-дәрмек, бактериялар және химиялық

заттар сақтауға болмайды. Тоңазытқыш тек үй

шаруашылығында пайдалануға арналған. Тоңазытқышта

сақталуы нақты бір температура деңгейін талап ететін

заттарды сақтауға кеңес берілмейді.
Өрт шығу қаупінің алдын алу үшін, жанармай және басқа

да тұтанғыш заттарды тоңазытқыш жанында сақтамаңыз

және пайдаланбаңыз.
Денсаулыққа зиян тигізбес үшін және электр тұйықталу

болмас үшін, тоңазытқышқа орнықсыз заттарды (ауыр

заттар, су құйылған ыдыстар, т.с.с.) қоймаңыз.
Тоңазытқыштың аударылмауы үшін, есіктері

зақымдалмауы үшін тоңазытқыш және мұздатқыш

камералардың есіктеріне сүйенуге тыйым салынады.
Жұмыс істеп тұрған тоңазытқыштың ішкі жағын дымқыл

қолмен ұстауға кеңес берілмейді.
Тоңазытқыш есіктерін ашуды/жабуды тұтқалардың

көмегімен іске асырылуы керек.

Денсаулыққа зиян тигізбес үшін, саусақтарыңызды

тоңазытқыш есіктері мен корпусының арасына салмаңыз.
Тоңазытқышты тазалау кезінде оның электр изоляциясын

қамтамасыз ету үшін, оған сұйықтық шашпаңыз және

қатты су ағынымен жумаңыз; тоңазытқышты ылғалды

немесе оған су енуі ықтимал жерге орналастырмаңыз.
Тоңазытқыш демонтажы мен модификациясын білікті

мамандар орындау керек. Кез келген біліксіз адамның

араласуы салқындатқыш құбырлардың зақымдалуына,

сондай-ақ, тоңазытқыштың мүмкіндіктерінің жойылуына

және денсаулыққа зиян тигізуге алып келуі мүмкін.

Тоңазытқышты қызмет көрсету орталығының білікті

мамандары жөндеу керек.
Электр қуатымен жабдықтау жұмысында бөгеліс

орын алса немесе тазалау алдында тоңазытқышты

электр қуатының көзінен ажырату қажет. Компрессор

зақымдалмас үшін тоңазытқыш жұмысын қайта іске

қосқанға дейін кемінде 5 минут күтуге кеңес беріледі.
Жоғарыда көрсетілген кеңес орындалмаса,

өндіруші сатып алушыға тиген зиян үшін немесе

тоңазытқыштың зақымдалуы үшін жауапкершілік

арқаламайды.

Назар аударыңыз! Тоңазытқыш міндетті түрде жерге тұйықталуы тиіс!

Advertising