Орнату және жұмысқа дайындау – Инструкция по эксплуатации haier HB21FNN

Страница 45

Advertising
background image

5

Орнату және жұмысқа дайындау

Тоңазытқышты алғаш қолданар алдында:

Тоңазытқыштың орауын ашыңыз, орау пленкасын,

пенопласт пен жабысқақ лентаны, бекіткіш

аксессуарларды алып тастаңыз.
Барлық қажетті заттар мен құжаттардың орнында

болуын тексеріңіз.
Орама қораптағы құрамдастардың барлығының

ораудағы заттар тізіміне сәйкестігін тексеріңіз.

Өзгешеліктер болған жағдайда сатып алған

дүкеніңізге хабарласыңыз. Орау материалын алып

тастағаннан кейін, тоңазытқышты таңдаған жеріңізге

орналастырыңыз.
Тоңазытқыштың айналасында бос орынның жеткілікті

болуын және ауа айналымының еркін болуын

қадағалаңыз, суретте көрсетілген минималды орнату

қашықтығын сақтаңыз.
Тоңазытқышты температурасы -10° С-тан төмен түсуі

мүмкін бөлмеге орналастырмаңыз, себебі төмен

температурада тоңазытқыш жұмыс істемеуі мүмкін.

Тоңазытқышты ас үй плиталарының не жылыту

радиаторларының жанына немесе күн сәулесі тік

түсетін жерлерге орналастырмауға кеңес береміз,

себебі бұл – тоңазытқыштың агрегаттарына қосымша

күш түсіруі мүмкін. Егер тоңазытқышты жылу көзінің

жанына орналастыруға мәжбүр болсаңыз, жылу көзінен

арақашықтық кем дегенде 100 мм болуы тиіс, ал жылыту

радиаторлары үшін бұл арақашықтық кемінде 300 мм-ді

құрайды. Тоңазытқышты суық жерде сақтағаннан кейін

немесе қысқы уақытта тасымалдағанан кейін, оны

бөлме температурасында кемінде 12 сағат тұрғаннан

кейін ғана қосуға болады.

100 мм

25

мм

Advertising