Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар – Инструкция по эксплуатации haier HB21FNN

Страница 47

Advertising
background image

7

Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар

Тоңазытқышты пайдалану жөніндегі осы

нұсқаулармен мұқият танысыңыз және оларды

келешектегі қолданыс үшін сақтап қойыңыз.

Егер тоңазытқыш көлденең күйінде тасымалданған

болса (бұлай етуге кеңес берілмейді), онда оны орауын

алғаннан кейін 6 сағат бойы қоспаңыз, бұл уақыт барлық

агрегаттардың қалпына келуіне қажет.
Тоңазытқышты барлық орауы мен тасымалдау

жабдықтарын алып тастамай тұрып электр желісіне

қоспаңыз.
Тоңазытқыш электр кернеуінің келесі жағдайларында

жұмыс істеуі керек: 220-240 В / 50 Гц. Электр кернеуінің

ауытқуы нәтижесінде тоңазытқыш жұмысы тоқтауы,

температураны басқару және компрессор датчигінің

зақымдалуы немесе компрессор жұмысының барысында

бөтен шулардың пайда болуы мүмкін. Бүндай жағдайда

автоматты кернеу реттегішін қосымша орнату ұсынылады.
Айрықша қауіпсіздік шараларының сақталуын талап ететін

жөндеуді және қызмет көрсетуді тек білікті мамандар

орындау керек.
Розеткадан қуат сымын суырғанда желілік сымын емес,

штепсельдік ашаны ұстаңыз.
Тоңазытқышты орнатқанда оның корпусы немесе басқа

заттар желі сымын қысып қалмағанына көз жеткізіңіз.

Тоңазытқышты қабырғадан алыстатқанда желі сымының

зақымдалмайтынына сенімді болыңыз.
Егер желі сымы немесе штепсельдік аша зақымдалса,

тоңазытқышты өшіріп, оларды ауыстыру үшін қызмет

көрсету орталығына хабарласыңыз.
Бұл тоңазытқыш кәсіби емес, тұрмыстық пайдалануға

арналып жасақталған және оны басқа мақсаттарда

қолдануға болмайды.
Тоңазытқышқа техникалық қызмет көрсетілгенде

немесе тазалау барысында оны желілік баудың ашасын

розеткадан суыру арқылы өшіріңіз.
Тоңазытқышты электр желісіне қоспас бұрын, осы

тарауда көрсетілген ток кернеуі мен жиілігі үйіңіздің электр

желісінің параметрлеріне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.

Тоңазытқышты қол жеткізу оңай жерде орналасқан

розеткаға қосу ұсынылады.
Тоңазытқыштың штепсельдік ашасы жерге сапалы

тұйықталған (тұйықтағыш сымы бар).

Advertising