Инструкция по эксплуатации Electrolux EWF106310W

Страница 53

Advertising
background image

6. Кішірек үстіңгі тесік пен екі үлкен

тесікті, нұсқаулық кітапшасы

салынған қалтадағы пластик

тығындармен тығындаңыз.

Орналастыру
Машинаны тегіс қатты еденнің үстіне

орналастырыңыз. Кілем не еден сүртетін

шүберек т.с. заттар машина

айналасында ауа еркін айналуға кедергі

жасамай тұрғандығын тексеріңіз.

Машинаның қабырға не ас үй

жиһаздарының біріне тиіп

тұрмағандығына көз жеткізіңіз.

Машинаны сирақтарын көтеру не төмен

түсіру арқылы тіктеп қойыңыз.

Сирақтарды көтеру не төмен түсіру оңай

болмауы мүмкін, себебі олар арнайы

бекіткіш тетік арқылы құрастырылған,

бірақ машинаны МІНДЕТТІ ТҮРДЕ

тіктеп, орнықты етіп орнату қажет. Қажет

болса, деңгейді ватерпас көмегімен

тексеріп көріңіз. Қажетті түзетулерді

гайка кілтінің көмегімен жүзеге асыруға

болады. Құрылғыны дұрыс тіктеп орнату

діріл, шу, не машина іске қосылып тұрған

кезде орнынан жылжып кетпеуге

көмектеседі.

Сақтандыру туралы ескерту!

Еденнің қандай да бір кедір-

бұдырын машинаның астына тақтай,

ағаш не сол сияқты заттарды қою

арқылы тегістеуге тырыспаңыз.

Машинаға су құю

Назарыңызда болсын! Бұл

құрылғыны суық сумен жабдықтау

жүйесіне қосу қажет.

1. Құрылғымен қатар жеткізілген су

құятын түтікшені су шүмегіне 3/4"

тығырығы арқылы қосыңыз. Әрқашан

құрылғымен қатар жеткізілген

түтікшені пайдаланыңыз.

electrolux 53

Advertising